Бенито Альварадо ХІХ ғасырда Италияда дүниеге келді. Ол өте ұсқынсыз болды. Себебі, туғанынан дистрофиямен ауырғандықтан, құр сүйектері ғана теріге жабысып қалған еді. Жүріп келе жатқанда өлген адамның қаңқасы (склеті) ғана келе жатқандай әсер ететін. Бірақ соған қарамастан ол жүргіш еркек, яғни қатынқұмар (бабник) болды.
Ол өзінің туған қаласы Каталониядағы әйелдердің жартысымен жатып болды деген аңыз тарады. Ақыры шектен шыққан ойнасқорды еркектер жиналып, үйіне барып ұрып өлтірді.
Оның қатынқұмарлығын ешкім түсінген жоқ, бір шөкім еті жоқ, арық ұсқынсыз еркекті әйелдер неге жақсы көргенін?
Оның құпиясын анасы өлер алдында ғана жариялап кетті. Бенито Альварадо парфюмерамен айналысқандықтан, иісі ерекше феромон, яғни әтір (духи) ойлап тапқан болатын. Ол әтірін әйелдерге тегін емес, қымбат бағада сатуымен қоса, төсекке жатуға мәжбүрледі.
«Менімен төсекке жатпасаң, әтір түсіңе де кірмейді» деді.
Ақыры ажалы сәнқой қатындардың байларынан болды.
Бенито Альварадоның фотолары ашық дереккөзден алынды.
Бақытжан Абдул-Түменбай,
тарихшы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!