Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Не деген ұқсастық?!.

11.01.2024, 14:00 419

HALYQLINE.KZ

Бәріміз жатқа білетін «Көктемнің он жеті сәті» фильмінің басты кейіпкері Вильгельм Отто фон Штирлицке ұқсайтын бұл адамды көпшілік білмеуі де мүмкін. Бірақ сәл ойланып мұрнына қарасаңыздар, ол мұрын «орыс поззиясының күні» А.С.Пушкиндікі екенін білуге болады. Суреттегі адам – Пушкиннің шөбересі және орыс патшасы ІІ Александрдың жиені, Вермахт офицері Георге-Михаэле фон Меренберг (1897-1965). Бұл адам неге немістер жағында соғысып жүр? Енді соған келейік!

Пушкиннің шөбересінің тегін тарқатайық. 1836 жылы Александр Пушкинің әйелі Наталья Гончарова босанып қызды болғанда, есімін шешесінің құрметіне Наталья деп қояды. Қызы Натальяның жасы отыздан асқанда екінші рет прусс офицері, принц Николая Вильгельм Науссаускийге күйеуге шығады. Морганатикалық неке болғандықтан екеуінің балалары граф фон Меренбергтер титулын алғанмен, Люксембург тағына үміткер бола алмайтын еді. Екеуінің ұлы Георг Николая фон Меренберг неміс халқының дәстүрімен тәрбиеленіп, орыс тілін мүлдем білген жоқ. Бірақ орыс патшасы ІІ Александрдың қызы Ольгаға үйленді. Бірінші соғыс кезінде орыстармен соғысқысы келмей рапорт жазып, батыс майданда соғысты. Николая мен Ольганың ұлы Георге-Михаэле Александр фон Меренберг арғы атасы Пушкин екенін білгесін орыс тілін өздігінен үйренді. 1941 жылы соғыс басталғанда, әкесіндей емес қайта шығыс майданда Вермазттың әскер-әуе күштеріне қызмет жасайтын әскер сапында болды. Бойында араб пен орыс қаны бар Георге-Михаэле фашистік идеологияны іштей жақтырмады, сол үшін үш рет трибуналға тартылды, біріншісінде нацистік «Хайль» деп амандаспағаны үшін, екінші рет «партия эмблемасы свастиканы» құрметтемегені үшін, үшінші рет Гитлер туралы теріс пікір айтқаны үшін люфтваффенің үш ұшқышын атудан аман алып қалған болатын. Майданнан кейін шақыртылып алынып, Грециядағы Киклад аралындағы әскери аэродром инфрақұрылымын салуға жіберілді. Осы аралға Британ армиясы жергілікті грек партизандарымен бірігіп шабуыл жасап, істен шығарады. Майор Табель жергілікті 125 адамды кепілдікке алып, партизандардың қайда орналасқанын көрсетпесе, шетінен дарыға асамын деп 23 жастағы Николос Стелласты дар ағашына асады. Георге-Михаэле жергілікті монастрь Иугумен Филофеииге жүгінеді, ол жазықсыз жазалау ауыр күнә екенін айтқасын, жараланған майор Табельді шеттетіп, аэродром басшылығын өз қолына алып, кепілдікке алынған бейбіт тұрғындарды босатып жібереді. Оның үстінен Берлинге шағым жазғанмен, бұл кезде совет армиясы Берлинді қоршау операциясын бастап жіберген болатын. Вермахт басшылары айдаладағы аралдағы бүлікшіл аристократ офицер Г.М. фон Меренбергпен шаруасы да болмағасын, аман қалды. Соғыстан соң Берлиндегі пәтері мен зәулім үйін британ авиациясы бомбалап түгін қалдырған жоқ еді. Соғыстан соң екінші рет үйленді, артында екі қызы қалды, өзі 1965 жылдың 11 қаңтарында 68 жасында қайтыс болды.

(Ашық дереккөзден алынған фотода: актер В.Тихонов Штирлиц рөлінде және Георге-Михаэле Александр фон Меренберг).

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: