HALYQLINE.KZ 1277 жылы Сұлтан аз-Захер Бейбарыс қайтыс болғанда Әмір Қалауын Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаушы жан досы Сұлтан Бейбарыстың аманатын орындап, артында қалған үлкен ұлы Беркеханды Мысыр мен Шам елінің бесінші Билеушісі деп таққа отырғызады. Сонымен қатар Әмір Қалауын Сұлтан аз-Захир Бейбарыстың соңғы өсиеті бойынша Мысыр мен Шам елін басқару билігі тақ мұрагерлігі жолымен берілетіндігін жария етеді.
1280 жылы әл-Карак қамалының маңында көкпар тартып жүрген шабандоз Беркехан аттан құлап, жарақат алады. Сол жарақаттан жиырма жасында қайтыс болады. Мәмлүктер жүздік атты әскерді басқарушы Әмір Қалауын өзін Сұлтан жариялап, таққа отырады деп күтеді. Алайда, сертінен қайтпайтын Қалауын Сұлтан Бейбарыстың ұлы Саламышты жетімсіретпей, тағы да уәдесінде тұрып, Сұлтан Бейбарыстың жеті жасар екінші ұлы Саламышты Қыпшақ мәмлүктері мемлекетінің алтыншы Билеушісі деп таққа отырғызады. Қалауын өзін Сұлтан Саламыштың қамқоршысы – Атабек деп жариялайды.
1290 жылы Мысыр мен Шам елінің жетінші Билеушісі Сұлтан Қалауын 68 жасына қараған шағында қайтыс болады. Өсиет бойынша мұрагерлік салтын бұзбайтын Қыпшақ мәмлүктері Сұлтан Қалауынның ұлы әл-Ашраф Салах ад-Дин Халилді билік басына әкеледі.
1293 жылы Мысыр мен Шам елінің сегізінші Билеушісі Сұлтан әл-Ашрафтың қазасынан кейін Қыпшақ мәмлүктері Сұлтан Қалауынның сегіз жасар кенже ұлы ан-Насыр Насыр ад-Дин Мұхаммедті Қыпшақ мәмлүктер мемлекетінің тоғызыншы Билеушісі деп жариялайды. Сұлтан ан-Насыр бен Қалауын Мысыр мен Шам елін үш мәрте билейді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!