Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көненің көзіне – 120 жыл

22.08.2025, 11:50 149

HALYQLINE.KZ

Монша ерте заманнан сұлулықты және денсаулықты сақтауға қызмет ететін қоғамдық орын ретінде белгілі. Одан жуынып-шайыну ғана емес, шаршағандықтан арылуға, оң әсер, жақсы көңіл күй алуға болады. Сондықтан болар, «монша» сөзі грек тілінен аударғанда «ауруды қуамын» деген мағынаны білдіреді.

Түркі халықтарында «хамам» атауымен ежелден қалыптасқан шығыс моншасы болды. Оның ішкі архитектуралық әсемдігінен бөлек, табиғи қуаты зор болғанын жоққа шығара алмаймыз. Дәл осындай пішіні мен парқы ұқсамағанымен, Қызылорда қаласында көненің көзіндей №1 монша бар.

Әу баста ғимарат 1905 жылы салынып, 1990 жылға дейін үздіксіз қызмет етті. Яғни, биыл бұл моншаға 120 жыл толды.

1991 жылы монша жекенің қолына өтсе де, әуелгі қызметін әлі де жалғастырып келеді. Қазір бір қабатты күйдірілген қыштан тұрғызылған ғимарат жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші санатына енгізілген.

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: