Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кастет Гестапо мен НКВД-ның қаруы болды

11.04.2025, 6:00 147

HALYQLINE.KZ

Орыстың ұлы жазушысы М.А.Шолоховтың «Адам тағдыры» шығармасындағы лагерь комендаты Мюллердің совет тұтқындарын күнделікті сапқа тұрғызып қойып, саусағына кастет киіп алып, әрбір үшінші тұтқынды кастетпен ұрып, мұрнын сындыратыны бар. Оны Мюллер  тұмаудың алдын алу (профилактика от грипа) деп атағанын оқыған едім.

Сөйтсек, совет чекистері де фашистерден қалмай, «халық жауларын» осы кастетпен мұрнын, тісін, бас сүйегін сындырған екен. 1927 жылы ВЧК мен ОГПУ-дың 10 жылдық мерейтойына байланысты кастет шығарып, үздік қызметкерлерін осындай ескерткіш кастетпен марапаттап отырған екен.

ВЧК (1917-1922),

ГПУ (1922-1923),

ОГПУ (1923-1934),

НКВД 1934-1942),

НКГБ (1943-1946),

МГБ (1946-1953), осы органның қызметкерлері жазықсыз жаламен іс қозғалған адамдарды осы кастетпен ұрып, бет сүйектерін сындыру арқылы күштеп мойындатты. Тек Н.С.Хрущев Сталиннің жеке басқа табынушылығын айыптаған соң ғана, ұрып соғуды тоқтатты.

КГБ (1953-1991) жылдарында жазықсыз жандарға жаламен іс қозғалу тоқтатылды.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: