Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Холокосттың қара ғұламасы

26.03.2022, 10:00 725

HALYQLINE.KZ

1962 жылы әділдік үстем құрып, фашистік Германияның нағыз қанішер қылмыскері Адольф Эйхманға сот болды. Эйхман «Холокост» деген ғылыми тұжырымдаманы ойлап тапты, фашистік идеологиямен санасы уланған ол өзінің ғылым жолындағы басты мақсатым еврейлер мен «жетілмей қалған ұлттар» батыс славяндар чех, словак, поляк, оңтүстік славяндар болгар, серб, хорват, славен, черногор, шығыс славяндар орыс, украин, беларусь халықтарын жер бетінен жоспарлы түрде құрту болды. Ал, Африка мен Азия халықтарын (оның ішінде қазақтар да бар) Эйхман «табиғаттың (құдайдың) қателігі» деп атап көрсетіп, бірінші кезекте құртылуға жатады деді. Холокост жоспары бойынша 12 млн адам жойылды, бір ғана Освенцим концлагерінде 4 млн адам крематорий пешіне жағылып жіберілді. Ол қолына қару алып адамды өлтірмесе де, адамзат тарихында болып көрмеген өзі мақтанышпен айтқандай «теңдесі жоқ ғылыми жобаның» авторы болды. Германия жеңілгенде жоғары шенді нацистік партияның қайраткерлері М.Борман, Г.Мюллер сияқты Эйхман да жазадан құтылып кетті.

Адольф Эйхман мектепте сабақты үздік оқып, елінің нағыз патриоты болуға дайындалды. Бірінші дүниежүзілік соғыста Германияның жеңілу себебі, сол кездегі насихат бойынша халықаралық еврейлердің қастандығы дегенге сеніп, еврейлерді жек көріп өсті. Гитлер үкімет басына келгенде Эйхман СД басшысы Гиммлер қарамағында қызмет істеп, СД-нің негізгі жұмысы барлау болғандықтан Гиммлер Эйхманға Германия мен Австриядағы еврейлердің бизнесі мен байлығы қайда шоғырланғанын анықтауды тапсырды.

1939 жылы Эйхман өз концепциясы арқылы еврей мәселесін шешуді ойластыра бастады, оны «Түпкілікті шешім» деп атаса, СД қауіпсіздік қызметінде бұл «ИД-4» деген шартты атауға ие болды. Бұл Холкост жоспарының басы еді, бұл жоспарды іске асыру үшін ол Польшаны таңдап алды, осы елде еврейлер көп шоғырланған еді. Польшаның оңтүстігіне Освенцим лагерін салып болғанша Эйхман ойлап тапқан жылжымалы жабық моншада улы газбен 2 млн еврейді өлтіріп үлгерді. Ал, Освенцим толық пайдалануға берілгенде күнделікті 10 мың адамды «циклон-Б» газымен өлтіріп, крематорий пешіне өртеп отырды.

1941 жылы СССР-ға қарсы соғыс басталғанда тұтқындардың көп келуіне байланысты адамды өлтірудің экономикалық тиімді жағын ойлап тапты, алтын тістерді үкімет қорына өткізіп, шаштарын диван мен креслоны толтыру үшін жиһаз фабрикасына жіберді. Жас балалардың қанын жаралы неміс солдаттарына құю үшін майдан шебіндегі госпитальдарға жөнелтіп жатты. Эйхман газ камерасын монша түрінде салғызды, эшалоннан түскен мыңдаған халықты монша жағып қарсы алғандықтан, адамдар өз еріктерімен шешініп кірді.

1944 жылдан бастап Вермахт әскерлері жеңіле бастауына байланысты Холхост жоспарына қаражат аз бөлінгенде Берлинге барып еврейлерді құрту майдандағы жеңістен кем емес деп басшылардың көзін жеткізді. Совет әскерлері Германия шекарасына таяу қалғанның өзінде Эйхман Венгриядағы 800 мың еврейдің 437 мыңын өртеп үлгерді. Өз сөзінде ол Холокост жоспарын келешекте адамзат ақтап алады деді.

1945 жылы үшінші Рейх жеңілгенде Эйхман 1946 жылға дейін батыс Германияның одақтастар лагерінде болды, мыңдаған тұтқын ішінен оны ешкім танымады. Бетховен, Бах, Гайдн шығармаларын рояльда шебер ойнайтын, ұзын бойлы, көзілдірікті Эйхман түрі қылмыскерден гөрі оқымыстыға ұқсайтын. Білімі, ой-өрісі, жан-жақты ол өнер, музыка, әдебиет, философия туралы сөйлегенде алдына адам салмайтын. Польшадан арнайы топ құрылып тұтқындар арасынан іздегенмен еш нәтиже бермеді, оның басына үлкен сыйақы тағайындалды.

Астыртын жалған құжатпен әуелі Оңтүстік Америкаға, сосын Аргентинаға түпкілікті орналасып, әйелі мен балаларын көшіріп алды. Израилдің ОССАД барлау органының басшысы Насер Харел Израиль премьер-министрі Давид Бен-Гурионға қылмыскер Эйхманды тұтқындау операциясына басшы болуды ұсынды.

Адольф Эйхман 1960 жылдың 1 мамырында тұтқындалды, тергеу 11 мамыр-14 тамыз аралығында болды, ол «мен тек бұйрықты орындаушымын» деп ақталмақшы болды, бір жылдан соң ол өлім жазасына кесілді. 1962 жылдың 31 мамырында дарға асылды, денесі өртеліп, күлі ұшақпен ауаға шашылды.

Бақытжан  Абдул-Түменбаев,

тарихшы,  журналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: