Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ХХ ҒАСЫРДА табылған ЖАБАЙЫ АДАМ

18.07.2023, 8:30 395

HALYQLINE.KZ

Бәріміз осыдан 40000 жыл бұрын неандертальдық адамдар жер бетінен жойылып кеткенін тарих пәні арқылы білеміз. Бірақ 1931 жылы Марокко елінде осындай адам өмір сүріп жатқаны елді дүр сілікіндірді. Оны Аззо Бассоу деп атады. Газеттен бұл жаңалықты оқыған адамдар Мароккоға турист болып барып, жабайы адамды өз көздерімен көруге ағылды.

ХХ ғасырда табылған жабайы адам шынымен неандертальдық адам болды ма? Аззо Бассоу Дадес аңғарындағы үңгірде жалғыз өзі тұрып жатты, қолындағы ағашпен шөп тамырын қазып жеп, ұсақ аңдарды ұрып өлтіріп, етін шикілей жеді, себебі ол от жағу әдісін білмеді. Маңдай сүйегі кішкентай да, астыңғы жақ сүйегі шығыңқы болды. Сөйлей алған жоқ. Дыбысты көңіл күйіне байланысты жай және қатты шығарды. Киімі болған жоқ, фотоға түсірер кезде киім кигізгенмен, кейін киімді шешіп тастап отырды.

1956 жылы Аззо Бассоуды зерттеу үшін жазушы Жан Буле мен этнограф ғалым Марсель Гомет келді. Олар Аззоның сүйегін неандерталь адамының қаңқасымен салыстырғанда көп ұқсастық тапты, кейін кең көлемде кешенді зерттеу жүргізуге келеміз деп кеткенмен, Аззо Бассоу көп ұзамай «ана ауылға» аттанып кетті. Зерттеу экспедициясы келіп, Аззоның қай жақтан келгенін іздестіре бастағанда, оған ұқсас екі қыз Хиса мен Геркайяны тапты, олар да Аззоға ұқсайтын еді. Зерттеу қорытындысы бойынша екі қыз микроцефаллий ауруымен туғаны анықталды, яғни бас сүйегінде миы аз болғандықтан, астыңғы жақ сүйегі үлкен болып туады екен. Аззо да сондай аурумен туған соң, әке-шешесі елге көрсетуге арланып, баланы 11-12 жас шамасында осы үңгірге әкеп тастаған деп шешті.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: