Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халқының туған бағына, батыр баба Жанқожа

17.10.2024, 14:55 158

HALYQLINE.KZ

Жанқожа Нұрмұхамедұлының 250 жылдығына орай бабамыздың ерлік істерін дәріптеу мақсатында Қазалы ауданы Арықбалық ауылдық округі әкімі аппаратының «Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Ә.Жақсылықұлы атындағы орталық саябақта «Ел қорғаны – ер Жәкем» атты рухани іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шара мәдениет үйі жанындағы халық театры өнерпаздарының «Арықбалық шайқасы» атты қойылымымен бастау алды. Іс-шара барысында Қызылорда облысының және Қазалы ауданының құрметті азаматы Самұрат Имандосов пен аудандық мәслихат хатшысы Ғазиз Әліш құттықтау сөз сөйлеп, барша жиналған қауымды батыр бабаның 250 жылдығымен құттықтады.

Рухани іс-шара «Ерлігі ұрпағына ұран болған» атты облыстық жыр-дастан орындаушылардың фестиваліне, «Халқының туған бағына, батыр баба Жанқожа» атты аудандық жазба ақындар  мүшәйрасына, «Жаса, жайна, туған жер» атты гүлдер көрмесіне және «Сиқырлы қалам» атты аудандық суретшілер байқауына ұласты. Барша байқауға қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.

Ауыл тұрғындарының демеушілігімен батыр бабамыздың рухына арналып ас беріліп, облыстық деңгейдегі ұлттық спорт ойындары өткізілді. Көкпар, аударыспақ, қазақ күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс, т.б. бойынша жүлде тігілді. Кешкілік Қазалы ауданы өнерпаздарының ұйымдастыруымен гала-концерт қойылып, соңы отшашуға ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: