Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғарышкерлер ғарышта коньякті қалай ішті?

12.07.2023, 9:15 280

HALYQLINE.KZ

«Союз-26» корабль командирі Романенко мен борт инженер Гречко жасырын түрде, әскери флягаға коньяк құйып, бортқа тығып қоюға қол жеткізді. Бұл үлкен ЧП еді, егер біліп қойғанда, дайын тұрған дублер командасымен ауыстыратын. Ғарышқа жеткен соң коньякті ішу мүмкін болмады, флягадан шыққан коньяк тамшысы салмақсыздық жағдайында тамшыға айналып қалқып ұшып кете берді, өздері де қалқып ұшып жүргенде, тамшыны ұстап алып ауызына салу мүмкін болмай әбден шаршағасын, фляганы тыққан орнына қоя салды. Екеуі сұйық тамшысының өзі салмақсыздық жағдайында ұшып ұстатпайтынын біле тұра, жерден түтікше алып шықпағанына өкінді. Өз бағдарламасын орындап болғасын, бұлардың орнына келген «Союз-27» кораблі бұлармен түйісіп, екі ғарышкер В.Жәнібеков пен О.Макаров келгесін, бұлар тығып қойған коньякті көрсетіп, өздері жерге қонады. Ана екі космонавт жерге қонып, коньякті ішіп қойғанын айтқанда, «Қалай?» деп Гречко мен Романенко қосарлана сұрайды. Сөйтсе, біреуі төбеге тіреліп тұрып аузына фляганы салады, екіншісі оны басынан ұрып қалады, сол кезде коньяк тамшысы екіншісінің аузына кіріп кетеді, ол жұтып тұрған, сосын екінші космонавт та осылай коньяк ішу үшін арқасын төбеге тіреп тұра қалған, анау бұның басынан ұрып тұрған!

Қорытынды: жоғары біліммен қатар адамға орташа дәрежеде ойлана да білу керек!

Бақытжан  Абдуллаұлы,

тарихшы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: