Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Фрик-шоу жұлдызы болған арыстан-адам

07.10.2025, 7:00 220

HALYQLINE.KZ

Фрик-шоу ХХ ғасырдың ортасына дейін сұранысқа ие болды. Цирктің бұл түрінде алып адам мен ергежейлі адам, төрт қолды немесе төрт аяқпен, семіз және арық адамдар, сиам егіздері, т.б. түрлі ақаумен туған адамдармен ақша табу көзіне айналған болатын. Елуінші жылдары телевизор әр үйде болғандықтан, оларға сұраныс жойылып, фрик шоу өзінен-өзі тарап кетті. Тек ергейжілер циркі өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін өмір сүрді.

Кезінде осындай фрик-шоудың жұлдызы болған Стефан Бибровский (1891-1932) денесін 100 пайыз түк басу себебі, өте сирек кездесетін ГИПЕРТРИХОЗ-бен ауырған еді. Көрермендерге таныстыру үшін конференьсе мынадай өтірік оқиғаны ойлап тапты, анасы баласына жүкті кезінде күйеуін арыстан көзінше бөлшектеп жеп қойғандықтан, сәбиі түкті болып туылған-мыс.. Ал, шындығында Стефан түкті болып туылғандықтан, ұлты польяк әке-шешесі төрт жастағы баласынан бас тартып, неміс антрепренері Седльмейерге берген. Ол кішкентай Стефанды «Лионель» деп атап, бүкіл Европа еліне көрсетіп ақша табады және түрлі акробатикалық трюк жасауға үйрете бастайды. 1901 жылы Стефан Бибровский АҚШ-қа барып Нью-Йорктағы циркте гимнастикалық трюк жасаушы болып қалып қояды. Денесінің түгі 10 см, ал бетінің түгі 20 см болғандықтан, өнер көрсетіп жатқанда шашы мен бетіндегі түгі жалбырап шынымен арыстанға ұқсап, көрермендерге үлкен эффект беретін. Өнері үлкен сұранысқа ие болғанымен, ақшасына цирк иесі ие болғандықтан, 1931 жылы Германияға келеді, бір жылдан соң 41 жасында қайтыс болды.

Бақытжан  Абдуллаұлы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: