Расында, мұны бір дәуірдің үнін дәріптеген дүкен десек болады. Ол үш тарихи формацияның куәсі. Феодализмнен социализмге өтті, одан тәуелсіз ел мұратына жетті. Нысанның сапалы салынғаны соншалық, әлі де мұрты бұзылмаған. Бұл ғимаратқа биыл 120 жыл толды.
Халықтың барлық қажетін орындаған дүкенді қала тұрғындары жақсы біледі. Шаһардың Сұлтан Сүлейменов көшесі, № 53 үйде орналасқан ғимарат 1905-1990 жылдары №5 магазин, ал 1991 жылдан жекеменшікке өткен, қазір де сауда дүкені.
Жалпы, темір жол құрылысымен бірге салынған қалада бірнеше ғимарат бар. Оның ішінде көлік прокуратурасы (1905 жыл), № 5 магазин (1905 жыл), қалалық монша (1905 жыл), көркемсурет шеберханасы (1905 жыл) секілді 12 ғимаратты атауға болады. Аталған ғимараттар тарих және мәдениет ескерткіштердің тізіміне алынған.
Дүкеннің негізгі жобасына келсек, ғимарат күйдірілген кірпіштен төртбұрышты жоспарда салынған. Ішкі бөлігі екіге бөлінген. Жалпы өлшемі 25х20 метрді құрайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!