Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Біз зын­данға тасталған кінәсіз адамның хәлін­деміз»

07.07.2023, 12:00 283

«…Біз өзіміздің ұлттық еркіміз бен тәуелсіздігімізді талап етеміз. Біз мил­­лиондаған бауырларымыздың қан­­ы төгілген, сүйегі жатқан ұлт азат­тығы жолымызда орыс үстемдігі, ұлы орыс шовинизмімен бетпе-бет келіп отырмыз. Біз бұл үстемдікті аударып тастап, оның орнына түркістандықтардың билігін орнатуымыз керек.

Патшалық Ресей бізді тұншық­тырды, атамекенімізді қанға боя­ды. Боль­шевиктік Ресей де біз­ді тұн­шықтырып, атамеке­німіз­ді, отба­сы­мызды қанға бояуда. Басқа­ла­ры былай тұрсын, «болашақ­тағы демократиялық Ресейдің» өкілдері делініп жүрген Керенский және оның пікірлестері де біздің өз атамекенімізде орыстармен тең болғымыз келетіні жөніндегі талап­тарымызды құп көрмейді, құқай көрсетеді («Дни» журналының 17-саны қаралсын). Міне, сол үшін де біз орыс билігінің барлық түріне кектене қараймыз. Оның тізгінін қолдарына ұстап отырғандарға қарсы күресіп жа­тырмыз және бұдан соң да күресе бере­тін боламыз. Мұнда тұрған қандай шови­низм болуы мүмкін? Егер, біз өзі­міздің ұлттық өкіметімізді орнатып бекемдеген шағымызда орыстарды және басқа шағын ұлттарды Мәскеу­дің, қазір, бізді «пролетариат дикта­турасы» деген желеумен езіп отыр­ғаны тәрізді езетін болсақ, міне, сол уақытта ғана бізді шовинизммен айып­­тау шындыққа сәйкес келер еді. Мемлекеттік билікті қолында ұстап отырған ұлт қана шовинизмді жүргізе алады. Өкінішке орай, біз зын­данға тасталған кінәсіз адамның хәлін­деміз.

Біз бұрын патшалық Ресей, қазір кеңестік Ресей деп аталған зынданның темір торларын ара­лап жатырмыз. Біз зындан қо­жайын­дарына шабуыл жа­сауымыз, жолымызды олардан тазар­туы­­мыз лазым. Бұл – шовинизм емес. Бұл – халқымыздың ұлттық мұраттары жо­лындағы күрестің табиғи бір көрінісі ғана.

Мұстафа ШОҚАЙ,

1930 ж. №2, ШОВИНИЗМ ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ

«ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ШЕКАРАСЫН» АТТАМАҒАН ҚАЗАҚ»

атты мақаласынан үзінді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: