Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Батыр тұлғалы Богатырев фамилиясына сәйкес болмай шықты

16.10.2023, 8:50 251

HALYQLINE.KZ

Бұл актерді оқушы кезімде экранға шықан «Свой среди чужих, Чужой среды своих» атты шытырман оқиғалы фильмдегі чекист Егор Шиловтың ролінен бастап білуші едім. Атыс-шабыс трюктерін дублерсіз өзі орындағанын да сол кездегі «Жаңа фильм» журналынан да оқыған едім. Кейін жариялылыққа байланысты оның «көгілдір» болғанын білгенде, қазіргі тілмен айтқанда шок, яғни есеңгіреп қалдым. Қалайша? Батыр тұлғалы актер еді ғой!

Актер Юрий Богатырев 1947 жылдың 2 наурызында Рига қаласында дүниеге келгенімен, ата-анасының қызметіне байланысты Ленинградта, сосын Москваға көшіп келді. Юра бала кезінен бастап қыздармен қуыршақ ойнағанды жақсы көрді, әке-шешесі оған онша мән бере қойған да жоқ. Қатарлары қыздарға көз сала бастағанда, бұл үйде қуыршаққа көйлек тігіп және сурет салғанды жақсы көрді. Мектеп бітірген соң көркемөнер училищесіне оқуға түскісі келетін, алайда жас актерлердің ойынын көріп, Щукин атындағы театр училищесінің Юрий Катин-Ярцев курсына оқуға түседі. Ұстазы оның нар тұлғалы болғанымен, қимылы қыздарға келетінін бірінші байқады. Кейін оқу бітірген соң театрға қызметке қабылданып, киноға түсе бастағанда да әріптестері оның қызтекелігін бірден байқай қоймады, кинодағы қауіпті трюктерді каскадерсіз өзі орындайтын. Наталья Гундаревамен достық қатынаста болып, бірде мас болған кезде оған өзінің әйел жынысына қызықпайтынын айтты. Ақ көңіл достыққа адал Юраны ешкім айыптаған жоқ, жақын достары оған психолог пен тәуіпке көрінуге кеңес берді. Кейін белгілі болғандай, психологтің кеңесімен «үйленсең, қарама-қарсы жынысқа деген қызығушылығың оянуы мүмкін» дегесін, қатар жүрген актриса Надежда (Үміт, не деген сәйкестік) Серыйға үйленеді. Үміті ақталмады, араларында еш нәрсе бола қоймағасын ажырасып кеткенмен, Надежданың ақылымен АХАТ арқылы ажырасқан жоқ, әйелі оның жанын жақсы түсінгенмен Юра намыстан бірге тұра алмады. Екінші жағынан өзін ата-анасы алдында кінәлі сезініп, іштегі бар күйігін арақпен басты. Араққа қанша салынғанмен, театр мен кино түсіру алаңына еш уақытта мас болып келген жоқ. Бірақ «көгілдірлерге» де еркек керек қой, ондай адамдар табылды, бірақ олар актердің әлсіз тұсын біліп, тегін арақ пен ақшасы үшін пайдаланды. Кейін олар үз-түссіз жоқ болып кететін. Өмірінде екі тұрақты серігі болды, олар бармен Александр Ефимов пен театр әкімшілік бастығы Василий Росляков болды.

1989 жылы 1 ақпан күні итальяндық продюссерінен «Очи черные» фильміне түскендігі үшін мол гонорар алу құрметіне, үйіне қонақтар шақырады, түн ортасы ауа жүрегі қысылғанда антидепрессинтин дәрісін ішкенмен тәуір болмағасын «жедел жәрдем» шақырады. Фельдшер алькоголь мен антидепрессин дәрісін ішкенен кейін мүлдем болмайтын дәріні егеді, есін жинамағасын ауруханаға алып кеткенмен 2 ақпан күні 42 жасқа тура 1 ай қалғанда көз жұмды. Ол ерекше дарындылығы үшін РСФСР-дің халық артисі атағын алды және патриоттық фильмдегі басты ролі үшін Ленин комсомол сыйлығының лауреаты атанды. Сонымен қатар ол талантты суретші еді, сол жылы жазда жеке көрмесі ашылуы керек еді, артындағы достары көрмені уақытында иесісіз жоғары деңгейде өткізді, суреттерін әр қаладағы мұражайлар мен жеке коллекционерлер сатып алып кетті, тек оны көре алмай кетті. Әріптестері мен достары оны адал дос пен талантты актер ретінде құрмет тұтып жақсы көретін еді. Қайтыс болған соң, гомосексуалист серігі В.Росляков та СПИД-тен қайтыс болды. Ал, заңды некедегі әйелі Надежда Серая мұрагері ретінде, жайлы пәтерге ие болуға да болатын еді, бірақ ол адамгершілік танытып, Юраның анасы Татянна Васильевнаға пәтерінің кілтін тапсырды. Не дегенмен советтік мектептің тәрбиесін алған ғой.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Ашық дереккөзінен алынған фотода Ю.Богатырев чекист Шилов ролінде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: