ХУН ОРДАСЫНЫҢ МҰРАГЕРІ УАРХУН (АРҒЫН) немесе ҰЛЫ-АРҺУН (АРҒЫН) ҚАҒАНАТЫ (VI-VIII ҒҒ.)
Тұран даласында I мыңжылдықтың (б.д.к.) ортасына қарай авар тайпаларының негізгі өзегі қалыптасты. VI-VII ғғ. Батысқа жылжыған олар ертеортағасырлық Еуропаның басым бөлігін тізе бүктірді.
VI ғасырдың ортасын ала бере Түрік қағанатының қағаны Істеми хундардың бір тармағы Авар тайпасына қарсы соғысты. Осы оқиға туралы Л.Гумилев: «Арал теңізінің теріскей бетінде олар хуни (хиониттер), уар* мен огорлар* тайпаларының қарсылығына ұшырайды. Тек 558 ж. ғана бұл тайпалар талқандалды да, түркіттерге бағынғысы келмегендері алдына салып айдап, Еділден барып шықты. Олар уар мен хуни тайпаларының жұрнағы – небәрі 20 мыңдай адам еді, кейін олар бір халық – авар болған» деп тұжырымдайды (Көне түріктер, Алматы, 1994, 35-б).
«М.И.Артомонов жасаған Орта Азия мен Қазақстан жерінің VI ғасырдағы картасында уархундардың Арал теңізі маңын жайлағаны көрсетілген» деп жазады (Көне түріктер. 108-б).
Аварлар түріктерден қашып отырып, Қара теңіз алқабына барып аяғын тіреді. «Аварлар болса, мал-мүлкінен, туған елінен айырылған қашқындар еді. Ал, олар қалай және қайтып аман қалды, аман қалғаны былай тұрсын, жеңіске де жетті – міне, бұл сұраққа жауап беру үшін сол кездің саяси ахуалын мұқият қарап, безбендеу (авт. – сараптау/анализ) керек.
Аварлардың бірінші міндеті дұшпанынан қара үзіп қашып кету болатын. Олар бұл мақсатына жетеді, өйткені бұл кезде Орта Азияда эфталиттер* белсенді шығады да Істемиді жолынан қайтарды, ол кетерде «Түрік семсерінен құтылатындай, аварлар ауамен ұшатын құс емес, теңіз тұңғиығына сүңгіп, жоғалып кететін балық емес, олар мына қара жердің үстінде қаңғырып жүреді дағы! Эфталиттердің көзін құртқаннан кейін, аварларға бас саламын әлі, олар менің қайратымнан қайда қашып, құтылар дейсің!» деп жар салады» (Көне түріктер. 35-б).
Автордың түсіндірмесі:
Уар* яки вар – Хиониттердің көршісі, угор тобының тайпасы.
Огорлар* яки угорлар – венгрлердің арғы тегі, VI ғ. олар Башқұрт жерін Еділ мен Жайық арасындағы даланы мекендеген. XIII ғ. Башқұрт халқы венгрлерге түсінікті өз тілдерін сақтаған еді дейді Уиллиям Рубрук (Рубруктің шығысқа сапар естелігі).
597 жылы Түріктерге қарсы бас көтерген Еділ өңіріндегі угорлар жуасытылады. Ондаған мың угор – тариах, кочагир мен забендер тайпалары Паннонияға қашып барып, аварларға қосылды (Сонда, 135-б)
Эфталиттер* – ақ хундар. Эфталиттер туралы Е.Омаров былай деп баяндайды: «Гуны как суперэтнос, достигнув своего могущества и расцвета в III веке до н.э. и затем двинулись на Запад (западные гуны). Позже их усилиями: военными, админстративными, дипломатическими и т.д. были созданы два империи: европейских гуннов и белых гуннов (эфталитов) (Аттила. Алматы, 2006, 140-б).
563-567 жылдар Түрік қағаны Истеми Ақ хундар (эфталиттер) мемлекетін түгелдей қиратты.
Аварлар түріктерден жеңілгеннен кейін Кавказға келіп Аландардан көмек алады. Л.Гумилев аварлардың кейінгі тағдырын «Көне түріктер» зерттеуінде «Аварлар Қара теңіз алқабында» (34-38-бб) деп атап, кең түрде тарата жазады.
П.Голубовский: «Вслед за гунами на славян обрушились авары, появившиеся на берегах Волги в 554-555 гг. В VII в. их власть простиралась уже от Дуная до Дона и на запад до Чехии. Они покорили антов, на после, при аварском кагане Байане, последние подняли восстание. Кагану пришлось усмерять их. В скоре начались отпадения от власти авар отдельных племен. Первыми сбросили с себя это иго болгары в 630 г. Затем появление хазар в 667 г. и быстрое распространение их могущества окончательно ослабили авар» деп жоқ славян тайпасын тарих айналымына ендіреді (Печенеги, торки и половцы. Москва, 2013, 19-б).
Л.Гумилев М.И.Артамоновтың пайымдауынан мысал келтіреді: «Благодаря норманнам (шведам) Русская земля стала Русской, но за ними самими финское название русь (руотси) закрепилось только потому, что они связались с Русским (Росским) государством, коренное славянское население которого по имени своей земли стало называться рос…» деп қорытындылайды («арабески» Истории. «Хазары Русь». Москва, 1994, 316-б).
XVIII ғасырдан бастап орыстар өздерінің ататегін, қай тайпадан тарағандарын іздеуге құлшына кіріскен. Олар өздерін скифтен тарадық деген жалған тұжырымға иек артып, екі ғасырдан астам уақыт скиф әлемін бүге-шігесіне дейін зерттеген. Тарихқа тереңдеп енген сайын, скифтердің өзі сақтардан тарағанын біліп, жоқ біз сарматтардан таралғанбыз деп сармат тарихын зерттеді. Олар сарматтың роксолан* (россолан) тайпасын ататегіміз деп біраз уақыт меншіктеді. Ақыры ғылыми ортада бұл болжам да күмәнді болып шықты. Бұл зерттеулер түркі халқының тарихына қатысты болғандықтан, тарих қойнауында белгісіз болып келген көптеген түркі халқының тарихы жазылды. Бұл зерттеулердің зиянынан пайдасы да аз болған жоқ. Сол себепті еуропалықтар бұл жылнамаларды тарихта мүлде сенімсіз көздер деп есептейді.
«Ертеславяндық атаулардың этномәдени бірлігі жайлы мәселеде де күрделі болып табылмайды» дейді Ж.Байжумин. Ол: «Олардың ішіндегі «сербтер*» (қазақ тайпасы Сары үйсіннің ішіндегі Сарби руы), «хорваттар*» (Қазақ тайпалары Әлім, Арғын, Табын, Жаппас және Қыпшақ ішіндегі Қарпы және Көрпе рулары), «дулебтер*» (қазақ тайпалары Найман және Жалайырдың ішіндегі Тілеп руы) көптеген грек және рим көздерінде Орталық Еуразиялық даланы мекендеген кезіндегі сармат көшпенділерінің ру-тайпалық атауы екендігі көрсетілген» дейді (Тұран. Үшінші дәптер. Алматы, 2013, 68-б). Сол сияқты «чехтар» (Алты ата Әлім тайпасының ішіндегі шекті руынан).
Әуелбек Қоңыратбаев: «…Еділден (Аттила) кейін Қырым түбегінде тұрған готтардың бір бөлігі қазір қазақ халқының құрамында. Олар – кете руы» дейді (Қазақ эпосы. Алматы, 1970, 3-7-бб).
Автордың ескертпесі:
Роксолан* (россолан) – сармат тайпаларына жатады.
сербтер* – Еуропадағы серб халқы.
хорваттар* – Еуропадағы хорват халқы.
дулебтер* – Алан тайпаларының бір тармағы.
чехтар* – Евуропадағы чех халқы.
Орыс тарихшылары Ресей тарихын қанша бұрмалап жасырғанымен, грек пен рим дереккөздерінде жазылып қалған. Ал Ватикандағы сақталған көне деректерді жарыққа шығарып, тарихты зерттеушілердің қолына тисе, кешегі өмірден өткен ғалымдардың Ресей туралы жазғандары түкке тұрмайтыны анық.
Хош, енді тақырыбымызға ойысайық.
Еділ (Аттила) құрған орасан үлкен Хун Ордасы, әрине бөлшектенді. Сол кезде хундардың өзі әлденеше бөлікке бөліне бастады. Солардың тарихта аты қалғандары мыналар: сабир, утургур, кутургур, сарагур, уархун (арғын), т.б.
V ғасырдың аяғы – VI ғасырдың басында Қара теңіз жағасы мен Паннонияда Уархундар қағанаты пайда болды. Бұл қағанат латын тілінде және басқа Еуропа халықтарының тілінде «Авар қағанаты» әлде «Уар (Ouar) қағанаты» деп аталады. Бұлар екеуі екі мемлекет болса да, соңғы Уархун қағанатын Еуропадағы бұрынғы Авар қағанаты атымен шатастырған.
«Уар (Уархун) қағанаты өз заманындағы үлкен қағанаттың бірі болған. Қағанаттың ең күшейген кезі – Баян ханның тұсында» деп жазады (I кітап. Алматы, 2023, 105-107-бб).
Еуропа ғалымы Амеди Тьерридің айтуынша, «…Уархундардың үлкен үш тайпасы: тарниактар, котзагерлер, забендерлер Еуропаға келіп, авар атын қабылдаған орданың ізіне ермей қалып қойғандығы туралы мен айтқан едім. Бұл үш тайпа Азияда түріктерден (түрік – бұл жерде Түрік қағанаты айтылған) алған жеріне қоныстанушы еді. Оларға Баян хан жіберген адамдар барып Карпаттың төменгі жағындағы Баян хан ордасына қосылуын өтінді. Олар бұл ұсынысты қабыл алып, Еуропаға келіп Баян хан ордасына қосылды, сондықтан бұл оқиғаның орданы күшейтуге маңызы бар… Қысқаша айтқанда, Паннониядан Қара теңізге дейінгі, яғни Карпаттан Қара теңізі аумақтағы Уар (Уархун) қағанаты Баян хан (авт. – Боян-Чельбир (582-590 жж.) тұсында өте күшейген» деп баяндайды (Амеди Тьерри. Аударған Өтениязов С. Аттила. I кітап. Алматы, 2023, 106-107-бб).
Самат Өтениязов «Уархун қағанатының» пайда болуы жайында былай деп пікір білдіреді: «V ғасырдың аяғында Еуропада пайда болған хундардың, яғни Еділ (Аттила) ұрпақтарының жаңа ордасы «Уархун қағанаты» деп аталуының негізгі себебі мынау: Каспий мен Арал теңіздерінің аралығында II ғасырдан бері тұрған уархун тайпалары V ғасырдың аяғында Еуропаға келіп, Еділден (Аттила) қалған хун тайпаларына қосылған. Хундардың жаңа ордасында уархундардың санының көбеюіне байланысты «Уархун қағанаты» деп аталған.
Уархун Ордасы Баян хан тұсында керемет күшейген. Бұл дәуірде көптеген герман тайпаларымен қатар, Еуропаның біраз тайпасы Уархун Ордасына бірікті. Тіпті Византия империясының өзі Баян ханға тәуелді болып, көп жылдар бойы ордаға салық төлеп тұрған» (Сонда, 107, 108-бб).
Шах-Мұрат Тоқышұлы Қуанғанов Ұлы-Арһун (Ұлы-Арғын) қағанаты туралы: «После смерти Аттилы аланы, анты, готы и другие племена, вожди которых претендовали на его престол, поднимают восстание. При подавлении восстанния сеператистов, возникшего после смерти императора в битве на берегу реки, приток р.Савы погибает в 455 г. сын Аттилы Елнак (Еллак)… Позже именно она привела к крупной кровопролитной межплеменной войне, известной в истории как «Дунайская война», продолжавшаяся в течение 468-469 гг. В этой войне с восставшими аланами и антами погиб второй сын Аттилы Денгизик. Третий сын Эрнак – уводит свою Орду из неспокойных регионов за Днепр, на историческую родину, в регион побережь Азовского моря, к степным просторам Северного Кавказа. Орда Денгизика обосновалась в регионе западнее Днепра и частично в районе Карпат, по соседству с осевшими племенами Орды Елнака (Еллака). Многократные попытки наследников Аттилы подчинить все восставшие племена и восстановить границу прежней империи Аттилы, были безуспешными. Вожди родственных племен гунов, находившиеся прежде в составе государства Аттилы, после смерти императора на большом курултае принимают решение объединиться в одно государство. Каганом избирается на курултае племянник Аттилы, сын бия Едиге (Елхала, Келхала, Хелхала) Одакур. Имя его источники называют по-разному: Одак, Одоакр, Одакур, все названия близки к тюркскому слову Одақ құр…
Государство получает название, как было отмечено выше – Ұлы-Арһунское (адаптировано на латынский язык как Уларһунский или Уарһунский). В переводе означает Великое Аргынское каганатство. Основал это государство Одакур. Главными городами каганатства были Аккерман (Белгород), Манкерман (Киев), Инкерман (Севастополь), Акмечеть (Симферополь, Керсон таврический).
Одоакр (Одакур) объединил племена, как это бывает у гунов, вокруг рода Аттилы с родами, оставшимися до конца верными его государству, его делу…
После завоевания Рима каган Одакур (Одоакр) становится его императором. Улу-Арһунское каганат сливается с Римской империей, превращается в его периферию, имя молодого государства в истории поглощается громкими названием Рима. …Историческая правда заключается в том, что Уларһунское каганатство Одакура покоряет Рим, переносит свою столицу из Каганлыка (Одесса) в город Рим…
После присоединения Одоакром Ұлы-Арғұнского (Уларһунского) каганатства к Римской империи, название его поглощается и исчезает со страниц трудов европейских историков…
После смерти в Риме Одакура племена Уларһунского (Ұлы арғындар) каганатства, объединив вокруг себя и другие родственные им племена, на курултае каганатству дают новое имя – Ателькузу. Столицей государства объявляют г.Каганлық, недалеко от оз. Сасық. (Ныне на этом месте стоит г.Одесса).
…По данным болгарских историков племена Ұлы-Арһунского каганатства, позже народ страны Ателькузу, отступившие после смерти Елнака, Ернака на восточные рубежи империи Аттилы, полностью господствуют в степях северного Причерноморья, между Днепром и Доном и в Крыму. Племена, которые образовали это каганатство, состояли в основном из родов аргунов, баргунов, ширин, мадьяров. В русской истории эти племена обобщенно называют половцами поля, печенегами, а мадьяров выделяют как самостоятельный народ» деп Аттила империясының мұрагері, Одоакр құрған Уар қағанаты немесе Уархун Ордасы немесе Уларһун (Ұлы арғындар), немесе Ателькуз қағанаты аталған деп баяндайды («Арий-Гун», сквозь века и пространство: свидетельства, топонимы. Алматы, 2008, 401-403-б).
Ұлы Арғын мемлекетінің аяғын ала бере Днепр мен Еділ өзенінің арасында Каспий теңізіне құя берісінде Хазар қағанаты құрылды.
В.В.Бартольд: «Хундар империясы көне түрік мемлекеті болып табылады» деп нақтылайды.
ХУНДАРДЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ мен РУНА ЖАЗУЫ
Академик Әлкей Марғұлан жазудың баға жетпес қазына екенін былай түсіндіреді: «Жазу – көп заман ішіндегі мәдениет тарихының аса жарқын түрі. Жазу болмаса, дүниенің өткендегі тарихын, оның мәдениетін, белгісін, өнерін, сәулет өркендеуін, әдебиет шығармасын білу зор қиындыққа түсер еді. Осыларды еске түсіргенде жазудың келіп шығуы осы күнгі білім қазынасының қайнар бұлағы, ой жүйесінің сарқылмас кеніші… ғұндардың Алтайдан Еуропаға дейінгі аралықта қалдырған руна жазулары жайында: «Абель Ремюза мен Г.И.Спаскийдің дәлелдеуінше, ғұндардың жасырын жазатын жазулары, тасқа түсірген жазулары болған.
Мадияр, Румынияда, Балқан тауларында табылған руна жазуларын ол жерге IV ғасырда алып барған ғұндар. Академик В.В.Бартольдтың көрсетуінше ғұндар түріктің тіл элементтерін, оның ішінде бітік сөзін Мадиярдың (авт. – Венгрдің) есінде қалдырған көрінеді. …Көп ғалымның жобалауынша, Орхон жазуының шығуы VI ғасыр емес, III ғасыр, не одан да көп бұрын. П.М.Мелиоранскийдің байқауынша, түрік тіліндегі руналар III ғасырдан белгілі» деп пайымдайды (Шығармалары, XII том. Тарихи дәуірдегі қазақ тайпаларының жазу мәдениеті. Алматы, 2012, 168-187 бб).
Хундар өзімен бірге Еуропаға руна жазуын да ала барды.
Самат Өтениязов: «IV ғасырдың 30-жылдарында Шығыс Римді, ал 375 жылдан бастап Батыс Римді христиан дініне кірген императорлар басқарған себепті, бұрынғы құдіретті империя әлсіреп, күннен-күнге ыдырай бастады. 394 жылдан бастап Рим империясының екеуі де шапқыншы герман тайпаларынан қорғану үшін Хун империясының көмегіне аса мұқтаж болды. 425 жылы вестготтардың кезекті шабуылынан Шығыс Рим астанасы Константинопольді (Стамбул) қорғаған хундарды бір әскери жас қолбасшысы Аттила басқарған еді» деп жазады (Аттила. 1-том, 123-б).
Аттила жас кезінде Римде оқыған, латын тілін жетік меңгерген. Аттила Римнен келген елшілермен тілмашсыз сөйлескен (Приск).
Мурат Аджи: «Стало очевидно, что тюркский – кипчакский язык выполнял роль языка межнационального общения в Центральной Европе. Все делопроизводсто – составление купчик, планов земли, счетов и т.п. – велось на нем. Вот откуда удивительное сходство древнетюркских и древнегерманских рун… В раннем Средневековье в Европе выделялись две страны, где творили политику – Дешт-и-Кыпчак (авт. – Хундар) и Восточная империя (Византия). Других не было, другие – вассалы… эти две страны в IV веке начинали события, они диктовали условия в политике, определяли баланс сил на Евразийском континенте. Так повелось с 312 года, со дня сокрушительного поражения Рима и гибели его императора Максенция, тогда Восточная империя и вышла в лидеры… В V и даже в X веке едва ли не все католики знали тюркский (авт. – хунский) язык, на нем же христианской Церкви читали молитвы. Это было родной язык для многих в Центральной и Западной Европы, но его назывли «народная латынь» или вульгата. То был смесь тюркских (авт. – хунских) и нетюркских слов» деп хун жазуын пайдаланғанын жазады (Европа, тюрки, Великая Степь. Москва, 2004, 166-279-б).
Осындай пікірді Ш.Қуанғанов та мысалға келтіреді. Ол: «О том, что руны у германских и других скифских племен Аустразии, у хаттов долгое время находили применение в Европе, встречаем свидетельства у Григория Турского в книге «История франков»… Приведенные факты говорят о том, что переход на новый алфавит был долгим по времени и не простым в жизни государств» дейді (Ари-Гун, Алматы, 2008, 29, 30-б).
Хун-көне түрік руна әріптері, Еуропаның грек, латын әріптері қазақ тайпаларының рулық таңбаларынан алынған. Латын алфавитіндегі 26 әріптің 21-і қазақ ру таңбаларына сәйкес келеді. Автордың 2023 жылы жарық көрген «Шекті руының құпия тарихының» 4-ші кітабында «Шекті жазуында» кең түрде таратылып жазылғандықтан қайталамадық.
Қорыта айтқанда, латын және грек әліпбиі қазақ ру таңбаларынан түзелген. Арыға барсақ, итальяндықтардың арғы аталары б.д.д. IV мыңжылдықта өмір сүрген Этрустердің әліпбиі Тұран тайпаларының рулық таңбаларынан түзілген. Бұл туралы соңғы кезде ғалымдар зерттеулер жазуда. Самат Өтениязов «Аттила» монографиясының «Хундардың руна жазулары» атты тарауында кең көлемде тарата жазып дәлелдеген.
Шағын мақаланы қорытындылай келе, Самат Өтениязовтың «Аттила» монографиясы – қазақ тарихының жаңа беттеріне қосылған, аса құнды зерттеу. IV ғасырда Еуропаны жаулап алған Хун Ордасына бағынышты елдерге үш ғасыр бойы көшпенділердің мәдениетін, мемлекет басқаруда далалық демократияның артықшылығын, әскер өнерін (шайқас тактикасын), жауынгердің қару-жарақтары, қолөнері, зергер бұйымдары, металл қорытуы, руна жазуы, хундардың тәртібі, қала мәдениеті туралы озық ойлы Еуропа ғалымдарының бабаларымыз (хундар) жайында зерттеулерінен мысалдар келтіреді. Аттила мен хундардың азамзат тарихында алатын орнын жан-жақты көптеген дәлелмен нақтылай түседі.
Мектеп бағдарламасынан бастап, жоғарғы оқу орындарындағы тарих факультеттерінде Аттилатану пәндері өту керек, студенттер қазақ тарихын хун заманынан бастаса, 2000 жылдық тарихымыз қамтылады. Себебі С.Өтениязов қазақ халқының этнографиясымен, тарихымен хундардың тарихын жан-жақты салыстыра зерттеген. Хун этносы мен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде еш айырмашылық жоқ екенін «Хундардың мәдени мұрасы» атты тарауда салыстыра жарқын суреттеген.
Орта Азиядағы қырғыз ағайын өз тарихының бастауын Қырғыз қағанатынан, ұйғырлар Ұйғыр қағанатынан, өзбектер Орта ғасырда өмір сүрген Ақсақ темірден, ноғайлар Едіге биден бастайды. Тек қазақтар ғана Керей мен Жәнібек құрған 1465 жылғы Қазақ хандығынан есептейді. Енді қазақ тарихын Жошы ұлысынан бастау керек деп «саясаткерлер» айтуда.
Менің пікірім, қазақ тарихының бастауын Аттила құрған IV ғасырдағы Уархун Ордасынан бастаса, екі мың жылдық тарихымыз түгелденер еді.
Хундар туралы Еуропа ғалымдарының жазғандарын түп нұсқадан қазақ тіліне аударған, зерттеудің артықшылығы да осында. Түркі халықтарының тарихына жанашар болған әйгілі тарихшы А.Н.Бернштам еңбектерінен мысалдар келтіре отырып, оның 1951 жылы шыққан «Очерки истории гуннов» кітабын не себепті нақақтан-нақақ қаралағанын шынайы талдап көрсетеді.
«Қосымша материалдар» атты бөлімге аса қажетті түпнұсқалық құнды еңбектер енген. Осы материалдар Қазақстанда алғаш рет жарияланып отыр.
Монографияға алғы сөз жазған ұстазы, академик Салық Зиманов: «Еуропа мен Кеңес Одағында Аттила мен хундар туралы жүздеген зерттеу жазылды. Солардың 90-95 пайызы христиан өкілдерінің тапсырысымен жазылған еді. Тапсырыспен жазылған дүние, әрине, хундар мен Аттиланы қаралау үшін болды…
Аттила проблемаларын түгел қамтыған және қысқа да нұсқа түрінде баяндаған анықтамалық (справочник) аса қажетті зерттеу екенін мақтанышпен айтамыз» деп баға берген.
Қос академик Әлкей Марғұлан мен Салық Зимановтың саф алтындай шәкірті Самат Өтениязовтың парасат-пайымы жоғары, ойы асқақ, білімі терең, өрісі биік, өресі кең. Бірнеше елдің тілін меңгерген, төрт қаруы сай, еңбекқорлық, терең ойлылықпен жазылған, тұтас бір дәуірдің тарихын қамтыған, түркі халықтарының атасы және қайнар бұлағы болған бабамыз жайлы жазылған екі томдық Аттила туралы зерттеуі қалың талғампаз оқырманды бейжай қалдырмайтыны анық. Келешекте жас талант зерттеушілерге бағыт-бағдар болары анық.
Әлібек САБЫРБАЕВ,
инженер-гидротехник, зейнеткер
(Соңы. Басы өткен санда.)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!