Біздің анықтама
Самат Көшенұлы Өтениязов – тарихшы-ғалым. 1950 жылы дүниеге келген. Испан тілі мен әдебиетінің маманы. Белгілі шоқантанушы, ертедегі түркілер мәдениеті мен қазақ мемлекеті тарихын зерттеуші. Тарих ғылымдарының кандидаты. Мадрид университетінің профессоры (2001). И.Мечников атындағы Одесса* мемлекеттік университетінің Романо-герман филологиясы факультетін бітірген (1978 ж).
1981-1999 жылдары ҚР Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында ғылыми жұмыспен айналысты. Кубаның Қазақстандағы елшілігінде, Алматы Шет тілдер университеті мен Қазақ-Америка университетінде қызмет етіп, испан тілінен сабақ берген.
1991-2001 жылдары «Central Asia newsfile» журналының (Лондон университеті) Орта Азия мен Қазақстан бойынша тілшісі міндетін атқарды. 2018 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде испан, латын тілдерінен сабақ береді. Испан және Латын Америкасы жазушыларының еңбектерін испан тілінен, Шоқан Уәлихановтың шығармаларын орыс тілінен және Қадырғали Жалайридің туындыларын шағатай тілінен қазақ тіліне аударған. Атилла мен ғұндар тақырыбында көлемді үш кітабы және студенттерге арналған екі оқулығы жарық көрген.
Ескертпе: Одесса* қаласы – бұрынғы Хаджибей деп аталатын түріктердің портында қайтадан салынды және оған Ресей патшайымы II Екатеринаның бұйрығымен бұрынғы гректің әсем қаласы Одессаның аты берілді. Хосе де Рибас 1793 жылы Хаджибей (Одесса) порты құрылысының жоспарын жасады және сол порттың бастығы болып тұрып құрылысын жүргізді. Қаланың басты көшесі соның құрметіне Дерибасовская (де Рибас) деп аталды.
Белгілі шоқантанушы, ертедегі түркілер мәдениеті мен қазақ мемлекеті тарихын зерттеуші, тарих ғылымдарының кандидаты, Мадрид университетінің профессоры (2001), испан, латын, ағылшын, француз, орыс, және шағатай тілдерінің маманы, аяулы академиктер Салық Зиманов пен Әлкей Марғұланның шәкірті Самат Көшенұлының екі томдық «Аттила және оның Еуразия тарихындағы орны» атты монографиясы қазақ тілінде Алматы қаласындағы «Атамұра» баспасынан 2023 жылы жарық көрді.
Алғыс сөзін жазған – академик Салық Зиманов. Пікір жазғандар – академик Б.Көмеков, профессор, т.ғ.д. С.Әжіғалиев, профессор, т.ғ.д. Ж.Тілепов сынды атақты ғалымдар. Бұл басылым Еділ батырға (Аттилаға) қатысты Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи айналымда жүрген негізгі зерттеулерді талдап, хун билеушісінің адамзат тарихындағы алатын орнын айқындауға арналған. Кітап – көптің көңілінен шығатын, қазақ тарихына қызығушылық танытатын жас буын тарихшылар мен қазақ оқырмандары іздеп жүріп оқитын зерттеу.
Осыған дейін Еренғайып Омаровтың 2006 жылы «Аттила» атты кітабы орыс тілінде жарық көрген болатын. Алайда, Аттила жайында екінші рет жарық көріп тұр. IV ғасырдың ортасында Еуропаны жаулап алған ғұн ордасының қолбасшысы Аттиланың (Еділ қаған) қазақ тарихында алатын орны ерекше.
С.Өтениязов Одессада оқып жүргеннен бастап, Еуропа мен Ресей тарихшыларының Аттила жайында жазғандарын түпнұсқадан оқып, қайта ой елегінен өткізіп, қазақ оқырманына әлі күнге дейін белгісіз сол заманның тарихи оқиғаларын бізге жеткізген, халқымыздың өшпес мұрасына жаңа көзқараспен қарап, өз пікірін білдірген.
Еуропада үш ғасырдан аса өмір сүрген Ғұн империясының пайда болуы, тарихы, оның қолбасшылары, ғұндардың руна жазуы, түрік тілі, қазақ тайпаларына қатысты этнографиялық және мәдени байланысы, қала мәдениеті және т.б. қазақ халқына қатысты сабақтастықты, ғылым тұрғысынан шынайы талдап жазған. Ол ғұндардың IV ғасырда Еуропаны «Халықтардың ұлы қоныс аударуында» жаулап алғанынан бастап, Аттиланың заманын түгел қамтыған. Аттила туралы Одессада университеттің студенті кезінен бастап 5 жылдан аса зерттеген. Кітаптың құндылығы да осында жатыр.
С.Өтениязовтың 2 томдық «Аттила» монографиясына шағын мақалада пікір жазу, адамзат тарихында ерекше орын алатын Аттиланың заманын түгел қамту мүмкін еместігін ескеріп, үш тарауына ғана өз пікірімді білдіремін. Олар көпшілікке белгілі Тура қаласына жақын жердегі 451 жылдың сәуір айында болған Аттила бастаған ғұн әскерімен, Еуропаның біріккен жауынгерлерін басқарған Рим қолбасшысы Аэций мен Каталаун жазығындағы шайқасы, екіншісі Атилланың қазасынан кейінгі Уархун (Арғын) қағанаты жайында, үшіншісі ғұндардың руна жазуы туралы.
ХУН ТАЙПАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Хундар – сақ пен скиф, кейін көне түркі тайпаларының ішіндегі бағзы заманда қалыптасқан үлкен ұлыстардың бірі. Шығыстанушы ғалымдардың атақтылары осы хун (ғұн) тайпаларын зерттеуге айрықша назар аударған. А.Н.Бернштам: «Хундардың пайда болуы б.д.д. XXIII-XIX ғасырдың аралығы. Хундардың Шығыс Еуропаға жылжуы, «Хун дәуірі» б.з. IV-V ғасырда басталды» деп тұжырымдайды.
Ал, Л.Гумилев атақты «Хұндар» зерттеуінде, хұндардың арғы тарихын былай деп баяндайды: «…ежелгі хұндар қытай тарихында б.з. дейінгі XVIII ғ. тұңғыш рет аталады. Оларды келесі жолы еске салу б.з. дейінгі 882 және 304 жж. болды. Демек хұндардың арғы аталарының бір жарым мың жылға жуық тарихы тұманға батып қалған… Хұндардың қай тілде сөйлегені туралы мәселеге қыруар әдебиет арналған. …хұндардың түркітілдес болғандарына шүбә келтіру мүлде дәйексіз нәрсе… Хун мемлекетінің басында шаньюй тұрған, оның аудармасы – «ұлылар ұлысы». Оның бодандарына қарсы қойылған хан еместігі атынан-ақ көрініп тұр, ол басқа да тең құқылы жиырма төрт рубасы арасындағы бірінші Шанюйдің билігі – өкіметі мол болған, бірақ шексіз емес-ті. Оның билігін ақсүйектері – ру басшылары шектеп отырған, олардың әрқайсысының қол астында жалпы саны 2 мыңнан 10 мыңға дейін қарулы салт атты сарбаздары болған» деп хундардың басқару жүйесін жазады (Сонда, 82-б). Бұл дәстүр Түрік қағанатында, кейін Қазақ хандығында да болған. Қазақтар арасында «Шанюйге» ұқсас шәни деген сөз бар. Мысалы, «мынаның шәниюін қарашы» немесе «шіренуін» қарашы деген сөз әлі айтылады.
Ғұндар жайында Әлкей Марғұлан: «Ғұндар туралы әдебиет бүгінде орасан бай. Ескі дәуірдегі ғұндардың өмірі, тұрмысы, елдік бағыты қытай, латын, армян, мадияр тарихында аса күрделі түрде сақталып келген. Сахарадағы мал өсіріп, суармалы егін жұмысымен шұғылданған халықтарды суреттеуде бұл – бір табылмайтын қазына… Қазақстан мен Орта Азия елдерінің өткендегі тарихын әдемілеп айтып беруде бір өзгеше қайнар көзі. Олардың баяндауынша, ғұндар мыңдаған жыл сахараны қоныстанып, кейінгі түркі-моңғол тайпаларына мұра етіп көп ұрпақ қалдырған әйдік жұрт.
Ғұндардың тарихы туралы мағлұмат Қытай журналдарында өте көп айтылады… Осыларды біздің Отанымыздың тіліне аударып, ғұн, үйсін, қаңлы, түрік тайпалары туралы бай мәлімет қалдырған аяулы ғалымымыз Н.Я.Бичурин болды. (Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Екінші басылуы. 1950-1953).
Қытай тарихының баяндауынша, ғұн қауымының тарихқа белгілі болуы б.з.б. бірнеше ғасыр бұрын… Біздің заманымыздан үш ғасыр бұрын Қытай үкіметі ғұндарға қарсы жойқын соғыс ашып, алты жүз жыл өткенде оларды қиратып бітіреді… 350 жыл өткен соң ғұндардың қалғандары жаңадан көтеріліп, VI ғасырдың орта кезінде түрік қағанатын құрады.
Ә.Марғұлан Абел Ремюзенің ғұндар туралы зерттеуінде: «Хун-гун екеуі бір сөз, ескі дәуірдегі ғұндардың аты, олар тегісімен түріктер, бергі кезде олардың бір бөлігі моңғол бола бастаған» деп жазады (Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы, 1985, 9-б).
С.Өтениязов: «Ертедегі әйгілі бабаларымыз хундар қазіргі қазақ тілінде «хун» әлде «ғұн» деп әртүрлі, ала-құла болып жазылып келе жатыр. Қазақша «ғұн» сөзі – орысша «гун» деген терминнен алынған балама. Бұл, әрине, дұрыс емес. Біздің адасуымыз да осыдан. Алайда қазақ тілінің орфографиясында осылай «ғұн» деп жазылып кеткен себепті, барлық тарихи және энциклопедиялық кітаптарда да солай жазылып жүр. Әрине, бұл атауды өзгертіп «хун» деген төл сөзді орнына қоятын уақыт жеткен сияқты» деп «хун» атауына айрықша мән береді (Аттила. I том. 123-б).
С.Өтениязов: «Хундар – ертеде Қытай жерінде, яғни Шығыс Түркістанда пайда болған көшпелі халық. Қытай тарихын зерттеген Ф.Хирт хунның пайда болуын б.з.б. XIII-XIX ғасырларға жатқызады. Орданың күшейген тұсы б.з.д. III ғасырдың аяғында Туман мен оның баласы Модэнің (Мөде) басшылық құрған уақыты… Қытай империясы Модэ тұсында Хун Ордасына бағынуға мәжбүр болды, көп уақыттар бойы салық төлеп тұрды» деп көрсетеді (Аттила, 1-кітап, Алматы, 2023, 27-б).
Ал, Л.Гумилев хундар туралы: «Аландарды жеңіп, өздеріне қосып алғаннан кейін, хундар (ғұндар) орасан зор тайпалар одағын бастайды, оның ішінде хундардың тікелей ұрпақтары мүлде азтұғын. IV ғ. 70-жылдары олар Доннан көктей өтіп, остготтарды жайратып салды да, «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деген атпен мәшһүр болған, тарихтың жаңа кезеңін ашады» дейді (Хұндар. Алматы, 1998, 247-б).
Самат Өтениязов осы дәуірде болған оқиғаларды былай баяндайды: «Бұл дәуірдегі Хун Ордасының нығаюына әйгілі қолбасшы Балаәмір (Баламер) көп еңбек сіңірді. 370 жылдан бастап хундар мен готтар* арасында қақтығыстар басталды. Бірнеше рет хундар остготтарға* шабуыл жасайды және оларды түгелдей тізе бүктірді.
Хун Ордасы остготтарды бағындырған соң вестготтармен* соғысады…
Әйгілі тарихшылар Иордан, Евнапий, Сардиец және А.Марцеллин өз еңбектерінде былай деп жазады: «…Вестгот* басшылары жалпы келісім бойынша Рим императоры Валентке (364-378 жж.) елші жіберген. Фракия мен Мезия провинциясының бір бөлігін қоныстануға бер деп рұқсат сұраған. Рим заңының негізі бойынша олар түгелдей бағынышты болуға міндеттелген».
Баламер тұсында Хун империясының аумағы өте үлкейген еді. Жайық, Еділ, Кавказ, Қара теңіз жағалауы, Дунайға дейінгі көп жер Ульд басқарған кезде бір орталыққа бағынған болатын…
Ульдтан соң Хун империясын әйгілі қолбасшының бірі Донат басқарған. Донат өлген соң империяны оның баласы Чарато басқарады. Ал мемлекет басына Руғила келгенде Хун империясы қатты күшейді. Руғила 433 жылы қайтыс болды. Ол өлгенде оның мұрагері екеу еді, олар Бледа мен Еділ болатын… Екеуі де Руғиланың өз баласы емес еді. Олар Руғиланың бірге туған інісі Мундзуктың балалары деп айтылады. Шындығында олар екі кісінің балалары еді. Руғиланың екі інісі болды. Олар – Ақтар мен Мыңзық. Бледа Ақтардың баласы болса, Еділ (Аттила) Мыңзықтың баласы екен. 445 жылы Бледа өлген соң Еділ (Аттила) жалғыз өзі Хун Ордасының билеушісі болды» (Аттила, I том, 36, 37-бб).
Оның есімін Еуропа жұртшылығы ешқашан ұмытпайды. Еділ (Аттила) есімі тарихқа Азиядан келген көшпенділер қоғамының ірі өкілі болып кірді.
Еділ (Аттила) жөнінде А.Тьерри өзінің «Аттила тарихы» атты кітабында былай деп жазады: «Аттил есімі адамзат тарихындағы атақты адамдар Александр Македонский мен Юлий Цезарьдың қатарынан орын алады…» деп жазған (Сонда, 36-б).
КАТАЛАУН ШАЙҚАСЫ
«Хун Ордасының жер қайысқан қолы 451 жылдың 6 сәуірінде Мец қаласын талқандайды. Содан соң Галлияның басқа да қалаларын күйреткен.
Тура қаласының жанындағы Каталония жазығында римдіктер мен хундардың арасында үлкен шайқас болады. Осы шайқаста римдіктер хундарға керемет қарсылық көрсеткен. Римдіктер жағында вестгот, аландар* сияқты көптеген одақтас тайпалар болады. Осы үлкен шайқаста екі жағынан 165 мыңға жуық жауынгер қаза табады. Бұл шайқаста Рим әскерін жас кезінде Хун Ордасында болып, Еділмен (Аттиламен) дәмдес болған Аэций басқарады (Руғиланың тұсында). Осы Каталуния жазығында болған шайқастан кейін Еділдің (Аттиланың) қалың қолы Трир қаласын талқандайды. Каталаун соғысынан кейін Хун Ордасы керемет күшейген» дейді (Сонда, 41-б).
Каталаун шайқасынан кейін жүз жыл өткен соң, Иорданның хроникасына сүйеніп батыс тарихшылары болжамдарын білдіреді. Солардың бірі Эдвард Хаттон «Аттила» атты зерттеуінде былай жазады: «С легкой душой он стал готовиться к предстоящему сражению. Иордан, за рассказом которого мы вынуждены следовать, поскольку он является единственным авторитетом в повествовании о сокрушительном поражении гуннов в Галлии, описал нам, хотя и довольно туманно, расположение сил и ход сражения…
Иордан рассказал, что Аттила старался как можно дольше избегать сражения, но, хотя он не был свободен от страха, и трепета, все же в три часа дня атаковал, считая, что, если фортуна и отвернется от него, приход ночи поможет бегству… Правый фланг римской армии держали Теодорих и его вестготы, слева стояли Аэций и римляне; между ними, защищая центр и находясь под присмотром Аэция и Теодориха, располагался ненадежный вождь аланов Сангибан.
Гуны расположили свои войска в другом порядке. В середине, окруженный своими самыми лучшими закаленными воинами, стоял Аттила,.. Крылья его армии полностью состояли из союзников, возглавляемые своими вождями – остгот Валамир (авт. – Баламер/Балаәмір) и гепиды* со своим королем Ардариком, которого Аттила любил больше всех прочих и доверял ему. Остальные, сборище королей и вождей бесчисленных племен, ждали слова Аттилы, потому что царь царей Аттила возглавлял их и от него одного зависел исход сражения.
Как утверждает Иордан, оно началось битвой за ту самую возвышенность между двух армий. Удача сопуствовала вестготам под командой Торизмунда, которые смяли гуннов и оттеснили их. Подался назад и Аттила и, видя, что его воины отступают, обратился к ним с призывом, смысл которого передает Иордан…» (Аттила, Москва, 2005, 89-93-б).
Аттиланың жауынгерлердің алдында шығып сөйлеген сөзін немістің ұлы драматургі Вернер Цехарис былай суреттейді: «…Аттила (Еділ) осынау үлкен шайқас алдында атар таңды қарсы алу үшін төбе басына шығады. Оларды көріп басқа қолбасшылар соңынан ереді, бірақ бәрі де төбеге шыққанда Аттиладан төмен орналасады. Күнге табыну, шығып келе жатқан күнді қарсы алу – хундардың ертеден келе жатқан салты. Төбенің ең жоғарғысында тұрған Аттила шығып келе жатқан күнді алдымен көрді. Басқалары да күнді қарсы алған соң Аттила жауынгерлерді оятып, сапқа тұруды бұйырды:
– Бүгін күнді шаң басады. Бостандық пен еркіндік жауынгерлері қазір қан майданда шайқасқа кіреді, – деп қалқанды қылышпен ұрып даңғырлатты. Қолбасшылар әскерлерін сапқа тұрғызып жатты. Бәрі дайын болғанда Аттила қалың әскер алдында сөз сөйледі:
– Құрметті жауынгерлер, ержүрек хундар мен готтардың батырлары, онбасылар, жүзбасылар, мыңбасылар, қолбасшылар, қазір үлкен майдан алдында тұрмыз. Алдымызда үш әскер тұр. Олардың ішінде ең мықтысы әрі көбі – Теодор басқарған вестготтар әскері. Олар Испанияны алғалы бері мықты күшейген. Римнің екі империясының біріккен әскері тұр, бұл – әр жерден құралған құрама қосындар мен жалдамалы жауынгерлер. Ал, осы екі әскердің ортасында Сангибан басқарған аландар әскері тұр. Баяғыдан бері бізге қосылмай, екі Римнің жалдамалы әскері болып жүріп кеште болса бізге қосылмақшы еді, бірақ ана екеуінің ортасында қоршауда қалған себепті бізге қарсы амалсыздан соғысқалы тұр. Осы мәселені ескеріңдер. Ал осы үш әскерді басқарып отырғандар – Рим қолбасшысы Аэций мен оның баласы Ториэмед. Екеуі де – өмірінің көп уақытын Хун Ордасында өткізген, яғни біздің соғыс қимылдарымызды жақсы білетін жандар. Аэций күні кешеге дейін хун әскерінің күшімен іштен іріп, басынан шіріп жатқан Римнің екеуін де сан рет қорғап еді. Ал, бүгінгі күні тағдырдың тәлкегімен Римді сонша жыл қорғаған хун әскеріне қарсы шығып отыр. Оған императорсымақтар қандай уәде бергені белгісіз. Бұл мәселеде Рим жауынгерінің ар-намысынан да басқа бірдеңе бар шығар. Қайткен күнде де Аэцийдің өмір бойы Римге сіңірген еңбегін бағалайтын дені дұрыс императоры қалған жоқ…
…Біз жеңімпаз хундармыз. Олармен бірінші рет кездесіп жатқан жоқпыз. Сіздер оларды талай рет ойсырата жеңгенсіздер. Біз хундармыз. Шайқастан қорқатын біз емес, – деп жер қайысқан қалың қол астында сөзін бітірді Аттила…
Осылай Каталаун шайқасы басталды. Шайқастың ұзақ болғаны соншалық, күн батып, қараңғы түскенше бір-ақ тоқтады… Бұл шайқас бұрын-соңды болмаған үлкен қырғын еді. Майдан даласында 165 мың жауынгердің өлігі қалды. Хундарға қарсы соғысқан вестготтар бұл шайқаста шешуші рөл атқарды. Олардың королі I Теодор қаза тапты. Сондықтан алдымен кейін шегінген солар болды. Вестготтар майдан даласын тастап кеткенде басқа әскерлерде қандай қауқар болсын, бәрі де Аттила түгелдей талқандамай тұрғанда кетуге асық болды. Сонымен осынау шайқастан соң вестготтар әлсіреп қалды, ал римдіктердің жағдайы онсызда ауыр болатын… Бұл 451 жылдың сәуір айы болатын» (Сонда. 96-б).
Эдвард Хаттон: «Доподлинно мы ничего не знаем об этом ужасающем столкновении, но его исходом стало спасение западного мира… Правда, Иордан представил подробный отчет, но мы не можем определить, что является плодом его фантазии. Он рассказывает, что ручей, протекавший через поле боя, бурлил кровавыми водоворотами: «те, кто, мучимые жаждой, пили из него, пили смерть и убийства». По рассказу Иордана, именно в этот ручей упал с коня Теодорих, король вестготов, и, растоптанный копытами, пал под ударами мечей,… Но гибель короля настолько разъярила вестготов…
что они сошлись с врагом врукопашную и едва не зарубили самого Аттилу.
В этом бою пало 160000 человек,.. Гибель Теодориха привела к большому расстройству в рядах вестготов, и в конечном итоге Аэций потерял своих готских союзников. …что Аттила отнюдь не был полностью разбит и еще представлял для империи куда большую опасность, чем готы.
…Он (Аттила) уже смирился с поражением, как вдруг, поднявшись на рассвете на темные земляные валы, укреплений, он увидел, что лагерь вестготов пуст и безлюден. Этот вид заставил его «душу снова вернуться в тело». Пусть и разбитый, но он без малейшего промедления начал отступление. Аэций не мог ни пресечь его, ни превратить в окончательный разгром Аттилы. …Галлия была спасена, и вместе с ней – будущее Запада и цивлизации. Но Аттила не потерпел окончательного порожения», – деп соғыстың «тігісін жатқызып», римдіктерге «бүйрегі бұрып», Рим әскерлері Аттиладан жеңілген жоқ, тек шегініп кетті дегенге сыйғызады (Аттила, Москва, 2005, 96-98-б).
С.Өтениязов: «Каталаун шайқасы туралы жазған автор Иордан. Бұл жойқын соғысты көзбен көріп, басы-қасында болған грек тарихшысы Прискустың жазбалары бізге жеткен жоқ, алайда бір ғасыр кейін өмір сүрген вестгот жазушысы Иордан. Сондықтан оның шындыққа құрылуы көптеген күдік туғызады. Алайда Еуропа тарихына сіңіп кеткен осы тарихи жағдайды өзгертудің бір жолы болмады. Әрине, оны енді Еуропа тарихы қабылдай қоймас, алайда өз тарихымызға оны шынайы болмысын енгізудің жолын табуымыз керек…
Иорданның айтуына қарағанда римдіктер мен вестготтар әскерінің қалдығы кейін шегінді, хундар үлкен жеңіске жетті. Енді бұрынғы Рим империясы құрамына кірген жерлерде Аттила басқарған хун әскерлеріне қарсы тұрар күш қалмады» деп Каталаун шайқасы римдіктердің жеңілісімен аяқталғанын жазады (Сонда, 96-б).
Автордың түсініктемесі:
Готтар* – скандинавиядан I-II ғғ. Европаға қоныс аударған тайпа.
Остготтар* – шығыс готтар, тұрған жеріне байланысы айтылған.
Вестготтар* – батыс готтар, бұл үш тайпаны көне герман тайпалары деп атайды. Вестгот корольдігін құрды.
Гепидтер* – готтарға туысқандығы жағынан жақын тайпа, көне герман тайпасы, III-VI ғғ. Дунай бойында, қазіргі Румыния мен Венгрия жерінде тұрған.
Аландар* – көшпелі тайпалар бірлестігі. Б.з.б. I мыңжылдықта Каспий мен Арал теңіздерінен Орал тауларына дейінгі алқапта өмір сүрген. Аландардың бір бөлігі батысқа қоныс аударған. Аландар – осетиндердің ата-бабалары.
«Енді Рим империясының бұрынғы иеліктерінде және бүкіл Еуропада хун әскеріне қарсы тұратын ешқандай күш қалған жоқ. Сондықтан Аттила емін-еркін қалаған қаласын, яғни бағынбаған қалаларды оп-оңай ала берді. Мысалы, 452 жылы Солтүстік Италиядағы Аквилей және Милан қалаларын соғыспен алды.
Көп ұзамай Хун Ордасының әскері Милан қаласын алды. Сол күні өз әскербасыларымен кеңес өткізеді. Ұлы қолбасшы енді әскерлерге демалыс беру керек дегенді айтады. Сонда оның шәкірттері: «Онория» деп айғайлап, қашан Рим қаласына кіреміз?» деп сұрайды. Сонда Аттила: «Хун әскері еш уақытта Рим сияқты қасиетті қалаға кірмейді. Кірсе, тек бейбіт жағдайда кіреді. Осыны әрқашан есте сақтаңдар. Бұдан 40 жыл бұрын вестготтардың бастығы Аларих Рим қаласына баса-көктеп кіріп, тонаған еді. Хун әскері ондай жамандыққа бармайды» дейді (Сонда, 98-99-бб).
«Аттила Рим қаласында жас кезінде оқығаны бар, оның үстіне әртүрлі жұмыспен онда көп келген еді. Хундар мен римдіктердің қатынасы ол кезде өте жақсы болатын. 425 жылы Аттила басқарған хун әскері вестготардан Римнің екеуін де (Батыс және Шығыс Римді) қорғағаны үшін олар Паннония провинциясын Хун Ордасына сыйлыққа берген-ді.
454 жылы аяқ астынан Аттила қайтыс болғанда, яғни Римнің шын жанашарынан айырылғанына екі империяның басында отырғандар қуанбаса қайғырған жоқ», – деп қорытынды жасайды.
Хун Ордасының қолбасшылары (Самат Өтениязовтың көрсетуі бойынша):
Кама-Тархан (352-360 жж.)
Баламер/Балаәмір (360-378 жж.)
Балтазар (378-390 жж.)
Улдин (390-409 жылға дейін немесе 410 ж.)
Донат (412 жылға дейін)
Харатон (есімі 412 жылы, кейде 410-422 жылдары аталады)
Октар (430 жылға дейін)
Руа/Руғила (434 жылға дейін)
Мундзук (390-434 жж.)
Бледа (434-444 жж.)
Аттила (434-453 жж.)
Эллак (453-454 жж.)
Денгизик (454-469 жж.)
Тулдила
Эрнак (496 жылдан немесе 481 жылдан бастап)
Тингиз
Джураш (505 – 515 жж.)
Татра (V ғасырдың аяғы – VI ғасыр басы)
Грод (528-534 жж.)
Мугел (530 жылға дейін)
Хиниалон (540-551 жж.)
Зелорб (582 жылға дейін)
Боян-Чельбир (582-590 жж.)
Тубджак (590 – …)
Бұл тізімде тек Еуропа жеріндегі хундардың белгілі қолбасшылары көрсетілген. 352 жылдан 590 жылға дейін, яғни 238 жыл Рим империясына бағынышты елдердің (Еуропаның) «шаңын басына көтерген». Хун Ордасына олар да алым-салық төлеп тұрған.
Шығыстағы және Кавказ бен Кіші Азиядағы хундардың қолбасшылары ішінде Алып Илтебер қолбасшыға қысқаша тоқталамыз.
Хун-савирлерден шыққан белгілі қолбасшы Алып Илтеберді Еуропа зерттеушілерінің еңбектеріне қарап, «Алп-Илитвер – правитель (князь) Царства гуннов (савир) в Дагестане VII века. Носил древнетюркский титул «эльтебер» – титул автономного, по вассального по отношению к хазарам правителя. В 682 году принял христианство от Кавказской Албании» деп қысқаша анықтама береді.
Алып Илтебер туралы негізгі мәліметтерді Мовсес Каланкатуацидің «История агван» атты көлемді және аса құнды еңбегінен алдық» дейді (Аттила, I том. 163-165-бб).
Хун-савирлерден шыққан Алып Илтебер қолбасшының тарихына қызығушылық танытатын оқырманға кітаптың атын көрсеттік.
Самат Өтениязов «Аттила және оның Еуразия тарихындағы орны» атты зерттеуінде: «Еділ (Аттила) қаза болған соң Хун империясы әлсіреді. Еділ-Жайық пен Рейн өзеніне дейінгі аумақ Еділ (Аттила) өлген соң оның орнына тағайындалған үлкен ұлы Эллак қаза табады… Еділ (Аттила) қазасынан кейін бір ғасыр ішінде осы үлкен аумақта бірнеше қағанат (хандық) пайда болды. Олардың ішінде ең ірісі Днепрден Алтайға дейінгі алқапты түгел билеген Түрік қағанаты 552 жылы құрылды. Паннониядан (авт. – қазіргі Венгрия) Аттиланың мұрагерлері Теңіз бен Ернактың тұсында Хан Ордасы түгелдей әлсірейді. Алайда осынау «жаңа Хун Ордасы» Еуропада әлі үш ғасыр өмір сүріп, көп әбігер туғызған еді. Көптеген тарихи дерекке қарағанда V ғасырдың аяғында хун тайпалары шығысқа, яғни Қара теңіз жағалауына шегінді. Бірақ Қара теңіз жағалауындағы хун тайпалары тарихта басқа атпен атала бастаған.
Әлібек САБЫРБАЕВ,
инженер-гидротехник, зейнеткер
(Жалғасы бар.)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!