Бүгін, 12 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
74 жыл бұрын
(1951) Халықаралық жыршы, термеші және айтыс ақындары одағының төрағасы, ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Молдашұлы ЕРМАН дүниеге келді.
Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
62 жыл бұрын
(1963) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Асқар АЛТАЙ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
60 жыл бұрын
(1965) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының басшысы Сұлтан Бүркітбайұлы КАМАЛЕТДИНОВ дүниеге келген.
Астрахан облысында (РФ) туған. Ташкент жоғары танк училищесін бітірген; Танкіге қарсы әскерлер әскери академиясының тыңдаушысы, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы.
53 жыл бұрын
(1972) Қазақстан Республикасы Жоғары есеп палатасының мүшесі Тілеген Төлегенұлы КАСКИН дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында туды.1994 жылы Қорған мемлекеттік ауыл шаруашылық академиясының экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірді. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясының мемлекеттік қызмет менеджері мамандығы бойынша бітірді.
48 жыл бұрын
(1977) ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Асанханұлы ӘБУБӘКІРОВ дүниеге келген.
Түркістан облысында туған. ҚР Қарулы Күштері Әскери академиясын, Ұлттық қорғаныс, әскери және мемлекеттік басқару университетін бітірген.
46 жыл бұрын
(1979) танымал қазақстандық журналист, жүздеген деректі фильмнің авторы және продюсері Майя БЕКБАЕВА дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында туған. Әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
77 жыл бұрын
(1948-2007) ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Олег Вадимович КВЯТКОВСКИЙ дүниеге келді.
Ресейде туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!