Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы қайтыс болды.
Нұрқанат Ғайыпбаев 30 жаста болған.
«Ақпараттарға сәйкес, ол өз-өзіне қол салған. Марқұм биыл 4 қазанда қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында криминалдық сипаттағы қандай да бір іс-әрекеттер анықталмады», – делінген хабарда.
Полиция мәліметінше, марқұм Шерзат Болаттың отбасы полиция күзетінде болған.
«Осы уақытқа дейін отбасына қандай да бір қоқан-лоқы жасау дерегі тіркелмеді. Күзет қызметіндегі қызметкерлердің түсініктемесі бойынша ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлігімен кетіп қалған. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарда.
Полиция өкілдері қосымша ақпараттар берілетінін айтып, азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Дереккөз: inbusiness.kz
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!