Атағы аспандаған Габриэль Гарсиа Маркестің сұмдық сөзі бар: «Әсіре мадақ – бальзамдаудың басы» деген. Талай талантты осылай өлтіргенбіз. Ал жария жағымпаздардың билік биігіндегі небір айбоз азаматтарды айға, күнге теңеп, ақыры қалай құрдымға құлатқандарын көзіміз көрді.
Сорымызды сорпадай қайнатқан сол бір «дәріптеу» дәстүрі қыр соңымыздан әлі қалар емес. Әсіресе қазіргі жас ақын-жазушыларымыздың бірін-бірі асыра мақтағанда ауыздыға сөз бермейтінін көргенде көңіл құрғыр құлазиды. Қолдан қоқырайтқан әлгі «Толыспаған Толстойлар мен шала Шекспирлердің» ұлтты жиып қойып, салтанатты сарайларда шығармашылық кештерін, күлдібадам кітаптарының тұсаукесерлерін өткізетінін қайтерсің. Құлдыраған құндылықтар-ай…
Талғат БАТЫРХАН.
«Egemen Qazaqstan»
Фото: «Аққала культі». Карикатура авторы – Ғалым Смағұлұлы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!