Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тайвань аралына неге таласады?

08.07.2023, 13:30 217

HALYQLINE.KZ Қытайда 1949 жылы билікке коммунист Мао Цзе Дун келіп, қазіргі Қытай Халық Республикасы құрылды. Бұл сөзсіз Кеңес Одағының ықпалымен жүзеге асты. Ал, 1949 жылға дейін АҚШ-тың ықпалында болған Қытайдың бұрынғы басшысы Чан Кайши осы сәтті пайдаланып, қазіргі Тайвань аралына қоныс аударады. Сөйтіп, онда Қытай Республикасын құрады. Ол – бүгінгі Тайвань мемлекеті. Міне, Тайваньның қысқаша тарихы осылай.

Алайда, қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдері Тайваньды мемлекет ретінде мойындамайды. Бірақ, ол АҚШ-тың ықпалымен 1971 жылдан бері БҰҰ- ның мүшесі. АҚШ- бастаған Еуропа елдерінің одақтасы саналады. Ендеше, кішкентай ғана Тайвань аралына алыстағы АҚШ- неге қызығушылық білдіреді.

Әрине, оның екі түрлі себебі бар. Бірінші жағдай экономикалық тұрғыдан. Тайваньда орналасқан «Tsmc» компаниясы әлемдегі микрочиптер мен микросхемалар шығаратын ең алпауыт кәсіпорын. Қазіргі таңда шамамен әлемдегі 40 пайыз телефон, компьютер, телевизор, интернет технологиялардың микрочиптері осы Тайвань аралынан шығады.

Тіпті, алпауып «Apple», «Реалтек», «Хуавей» компанияларының өзі Тайваньның микросхемасынсыз жұмыс істей алмайды. «Tsmc» компаниясының нарықтық капитализациясы 1,5 трлн. доллар. Ол сондықтан да маңызды болса керек.

Екіншіден, территориялық тұрғыдан Қытайға үнемі қысым көрсетіп отыру үшін АҚШ- қа Тайвань аралы маңызды. Себебі, Тайвань мен материктік Қытайдың арасы небары 160 шақырым. АҚШ- болашақта Қытайды өзінің басты қарсыластарының бірі санайтындықтан өзінің әуе кемелерін Тайвань маңына орналастырып қойған. Бұл да бір фактор.

Алайда, Тайвань аралын тарихи Қытайдың жері деп есептейтін Қытай Халық Республикасы Тайваньға бір мемлекет, екі жүйеде жұмыс істеу секілді саяси ұсыныстарын айтып келеді. Бірақ, оған Тайвань келіспейді.
Себебі, оның артында ауызын айға білеген Америка тұр. Ал, Си Цзинпин басқаратын Қытай үшін тура қасында тағы бір Қытай Республикасының өркендеп, дамып келе жатуы әлбетте ұнамайды. Тайвань аралы бүгінде әлемдегі ең бай елдердің бірі…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: