Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының конкурстық мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.
2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады. Конкурсқа Қазақстан Республикасының 14-34 жастағы азаматтары үміткер бола алады.
Гранттар 6 бағыт бойынша беріледі:
- «Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
- «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
- «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
- «Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
- «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
- «Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2024 жылғы 05 тамыз бен 06 қазан аралығында t.urpaktary2024@mail.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
Жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;
PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);
PDF форматындағы жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуы тиіс.
Толық ақпарат жөнінде: Министрліктің байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-12-78
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!