Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдың сол жағалауында 12 қабатты үй салынады

07.09.2021, 18:00 418

HALYQLINE.KZ Ұлттық қордан Қызылорда облысы бойынша мемлекеттен жалға берілетін тұрғын үйге, кезекте тұрған, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға пәтер сатып алуға 2,8 миллиард теңге бөлінген. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетовтың айтуынша, аталған қаржыға 342 пәтер сатып алынады. Қызылордадан – 192 пәтер, Арал, Қазалы аудандарынан – 35, Қармақшы, Сырдария аудандарынан 10 және Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан 20 пәтер сатып алынбақ.

Биыл облыста індетке және құрылыс материалдарының шектен тыс қымбаттағына қарамастан тұрғын үй құрылысы белсенді жүріп жатыр. Мәселен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1608 пәтерлік 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

«Оның ішінде 695 пәтерлі 49 жалдамалы тұрғын үй бар. 463 пәтер көпбалалы аз қамтылған отбасыларға, 232 пәтер басқа санаттағы отбасыларға беріледі», – деп атап өтті Нұрмағанбетов.

Тұрғын үй құрылысындағы тағы бір жаңалық. Келер жылдан бастап Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа мөлтек ауданда 9 және 12 қабатты үйлер салынбақ.

.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: