Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдариялықтар наурыз тойында бас қосты

22.03.2025, 18:51 145

Бүгін Сырдария ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.

Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.


Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.​


«Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Үкімет басшысы Олжас Абайұлы Бектенов облысқа жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасының нәтижелеріне, аймақ дамуына оң бағасын берді. Бұл – бәрімізге ортақ жетістік.
Өңіріміздегі ауылдарды дамыту бағытындағы жұмыстардың озық тәжірибесін кеңінен тарату мақсатында Нағи Ілиясов ауылында республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға Ауыл шаруашылығы министрі, еліміздің барлық өңірінен облыс әкімдерінің орынбасарлары, ірі шаруашылық құрылымдарының басшылары қатысты. Кеңесте аграрлық саладағы мәселелер талқыланып, өңір жетістіктері өзге аймақтарға үлгі етілді.
Негізінен аудан халқы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді ауылдарында 14,5 шақырым ауыз су құбыры қайта жаңғыртудан өтті. Мұнан бөлек, тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында да біршама жұмыс атқарылды. Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағанбетов ауылдары газдандырылып, аудан халқын табиғи газбен қамту деңгейі 45 пайызға жетті. Әрине, бұл – өткен жылы атқарылған және биылға жоспарланған жұмыстардың бір бөлігі ғана.
Осы жылы да өздеріңіздің қолдауларыңызбен аудан халқының игілігіне бағытталған бастамалар іске асады. Бастысы – елдің тыныштығы мен береке-бірлігі. Істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық, қуаныш орнасын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деді Н.Нәлібаев.


Мерекелік шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтау лебізін жеткізді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Жеңіс Ысқақова, «Қазақстан дауысы» мегажобасының жеңімпазы Құралай Мейрамбек ән шырқады.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: