Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдарияға 551 текше метр су келуде

08.08.2022, 12:30 463

HALYQLINE.KZ Биыл Сырдария өзеніндегі су тапшылығының алдын алу мақсатында Қызылорда ­облысында көптеген жобалар іске асырылуда. Атап айтсақ, облысқа қарасты елді мекендерге 61 насос қондырғысы жеткізіліп, 26 ұңғыманың бұрғылануы мен 14 каналды тазалау жұмыстары жүргізілген.

– Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы – 1 034 шақырымды құрайтын 162 каналды тазалау, 156 дана насос қондырғыларын сатып алу, 87 ұңғыманы жөндеу және бұрғылау, 322 дана гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта 7 каналдың тазалау жұмыстары толық аяқталды, – деді басқарма басшысы М.Құрманбаев.

Ал судың ағынына келер болсақ, қазіргі таңда Шардара су қоймасына секундына – 83 текше метр су түсіп жатқан көрінеді. Ал Шардара өзенінің төменгі ағысына – 550 текше метр су тасталуда. Қызылорда облысы шекарасынан Көктөбе су бекеті арқылы секундына – 551 текше метр су өтуде.

– Қазіргі жинақталған судың көлеміне байланысты есептеу жұмыстары жүргізілуде. Былтыр ­Сырдария өзенінде судың аз болуы – ауыл шаруашылығы саласы мен жеке шаруаларға тікелей әсерін тигізді. Сол себепті су тапшылығының алдын алу мақсатында Шардарада – 500 млн текше метр су артық жинақталды, – деді Арал-Сырдария инспекциясының бөлім басшысы С.Абуов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: