Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдарияда мәдениет саласында серпіліс байқалады

15.08.2022, 17:10 446

Сырдария ауданында  өнеркәсіп саласы мен ауыл шаруашылығы және инвестициялар тарту бойынша өсу тенденциялары байқалады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев айтты. Сондай-ақ, ауданда жыл басынан бері атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттерді баяндады.

Жыл басынан бері ауданымызға бюджеттік кіріс 13 млрд теңге көлемінде жоспарланса, оның 68 пайызы әлеуметтік салаға бағытталып отыр. Сонымен қатар, есепті кезеңде аудан бойынша өңдеу өнеркәсібі 2,2 есеге, ауыл шаруашылығы өнімі 1 пайызға, сауда айнылымы 6,3 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 1,3 пайызға артса, инвестициялар тарту 15,4 пайызға ұлғайды. Биылғы егіс маусымында 33,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл күріштің көлемі – 20 728 гектар. Одан өзге, ауданда бидай, мақсары, күнбағыс, қант құмайы, сүрлемдік жүгері, жоңышқа, картоп, көкөніс және бақша өнімдері егілді. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар өзін-өзі қамти алатын әлеуметтік маңызы бар бақша өнімдері мен көкөністерге елді мекендердегі шаруашылық құрылымдары арқылы егіс алқаптарынан қосымша жер дайындалып, 90 гектарға картоп, 20 гектарға көкөніс, 100 гектарына бақша дақылдары егілді. Мал шаруашылығында төрт түлік мал басы мен өндірілген өнім көлемінде де өсім тұрақталып келеді, – деді Сырдария ауданының әкімі М.Нәлқожаұлы.

Сондай-ақ, аудандар мен ауыл-аймақтардағы басты мәселеге айналған жұмыссыздық түйткіліне тоқталып, ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызға тұрақтап, 2156 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда екенін тілге тиек етті.

Есепті кезеңде 1236 жаңа жұмыс орны ашылып, 57 пайызға орындалды. Оның ішінде, тұрақты жұмыс орны 1035-ке межеленсе, 1-жартыжылдықта 560 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Айта кетейік, жыл басынан бері аудан бойынша демеушілер тарапынан 3089 адамға 6 372,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді,- деді аудан әкімі.

Биыл «Балалар жылы» болғандықтан, еліміздің барлық облыс, аудан, аймақ, елді мекендерінде балалардың игілігіне қарай, басты сауалдарын қанағаттандыру үшін тапсырмалар мен жобалар орындалатыны белгілі. Осы тұрғыда, Сырдария ауданында бұқаралық және спорттық ойын түрлерін дамыту мақсатында балалар мен жасөспірімдерге арналған ақысыз түрде спорт секциялары ашылып, жұмыс істеуде. Ауданда 132 спорттық нысан, 539 спорттық секция жұмыс істеп, халықтың 34 пайызы жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

Ауданның мәдениет саласында қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Жыл басынан бері 390 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оған 51 400 көрермен тартылды. Сонымен қатар, «Балалар жылына» орай есепті кезеңге 59 іс-шара өткізілді. Бүгінгі таңда аудан өнерпаздары елді мекендегі халықтың, еңбек адамдарының, жастар мен балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында «Өнер тұнған Сырдария» атты концерттік бағдарламаласын ұсынды. Аталған іс-шара жыл аяғына дейін жалғасын табатын болады,- деді М.Ергешбаев.

Брифинг барысында аудан әкімі кәсіпкерлік субъектілеріне тоқталып, аудан бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандар саны 2533 бірлікті құраса, белсенділік көрсеткіштері 94,2 пайыз, жалпы ауданда кәсіпкерлік саласы қарқынды даму үстінде екенін жеткізді. Жыл басынан бері Сырдария ауданында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 1,4 млрд теңгені құрайтын 106 жоба қаржыландырылып, 1,2 млрд теңгені құрайтын 237 жобаның тізімі жасақталып, ұйымдастырылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: