HALYQLINE.KZ Биыл қазалылық дихандар 781 гектар жерге ауданның климатына бейімделген «Сыр сұлуы» күріш сортын екті. Жергілікті сорттың авторлары – Қызылорда қаласындағы Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалымдары.
Күріштің бұл түрі біздің өңірдің климаттық жағдайына бейімделген. Вегетациялық мерзімі қысқа (105-110 күн), суды аз қажет етеді.Күріштің жаңа сортын ауданда «РЗА-Агро» ЖШС 235 гектар, «Сыр маржаны» ЖШС 500 гектар, «Ақмаржан» ШҚ 46 гектар жерге егіп, мол өнім алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!