Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр қаламгері үздік саналды

18.11.2020, 22:00 776

HALYQLINE.KZ Бүгінге дейін баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2020» Ұлттық сыйлығы үш мәрте өткізілді. Қаламгерлер арасындағы дәстүрлі додада жерлесіміз Нұрсұлтан Мықтыбаевтың жұмысы «Жыл репортажы» номинациясына бойынша 159 өтінімнің ішінен үздік табылып, жеңімпаз атанды.

– Адамзат баласына қиын сынақ әкелген коронавирус инфекциясы туралы жасалған репортажымды ұсындым. Нақты айтсам, пандемия кезіндегі дәрігер, полиция және әскери қызметкерлердің өмірін көрсеттім. Айтулы күні әріптестерім құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді. Бұл деген Сыр журналистерінің ауызбіршілігінің айнасы екенін көрсетті. Барлығына алғасымды айтамын, – деді Нұрсұлтан Мықтыбаев.

«Үркер» ұлттық сыйлығына 11 аталым бойынша 470 қатысушыдан өтінім келіп түсті. Әр аталым үздігіне «Үркер» естелік мүсіншесі мен миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: