Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өңірінің қолөнер шеберлері халықаралық жәрмеңкеге қатысты

28.08.2023, 11:45 263

HALYQLINE.KZ Түркі халықтарының дәстүрлі және қолданбалы қолөнерін дамыту, тоқыма және зергерлік өнерді насихаттау, тәжірибе алмасу және туыстас халықтар арасындағы интеграцияны тереңдету мақсатында 2023 жылғы 25-26 тамыз күндері көне өркениет ошағы – Отырарда өткен «Ұлы Жібек жолы бойындағы тоқыма және зергерлік өнер» атты Халықаралық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесіне Сыр шеберлері де қатысып, тәжірибе алмасты.

Жәрмеңкеге Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан мемлекеттерінің және еліміздің барлық аймақтарынан жиналған 50-ден аса тоқыма және зергерлік өнердің хас шеберлерінің қолөнер бұйымдары ұсынылды. Қазылар алқасының шешімімен зергер Жақыпов Бекзат және ши тоқу шебері Зылиха Календарова «Тұран» номинациясымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: