Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өңірінде Конго-Қырым қанды безгегін жұқтыру мүмкін 22 жағдай тіркелді

14.10.2025, 1:15 118

Қызылорда облысында кенеге қарсы залалсыздандырудың күзгі маусымы аяқталды.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ошағы болуы мүмкін 111 елді мекен бар.

Ондағы мал қоралары, буферлік зоналар мен санитариялық-қорғаныс аймақтары дәріленіп, тиімділік көрсеткіші 100% болды. Ал 90%-дан төмен деңгей көрсеткен елді мекендерге қайтадан нүктелік өңдеу жасалып, талапқа сәйкестендірілді, – деді департамент басшысы Гүлмира Сыздықова.
Жыл басынан бері облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыруы мүмкін 22 жағдай тіркелді. Оның 12-сі клиникалық-зертханалық және эпидемиологиялық жолмен нақтыланды.

Атап айтқанда, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында 1, Шиеліде 5, Жалағаш ауданында 2 жағдай анықталды. Науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы 14 күн бойы медициналық бақылауда болды. Олардан ешқандай шағым түскен жоқ. Ауру ошақтары эпидемиологиялық-энтомологиялық зерттеуден өткізіліп, залалсыздандырылды, – деді департамент басшысы.
Жыл басынан бері кене шаққан 1268 адам медициналық көмекке жүгінген. Олар да екі апта ем қабылдады.

Айта кетейік, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы — өте қауіпті жұқпалы ауру. Ол көбінесе кенелер арқылы тарайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: