Сыр елінің диқандары ел байтағы – Астана қаласында екі күндік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізді. Қызылорда өңірінің молшылық сыйын елордалықтар үлкен ықыласпен қабылдады.
Сыр бойынан әкелінген 600 тоннадан астам өнімдер нарықтан 15-20% төмен бағамен халыққа ұсынылды.
Жәрмеңкеде күріш, балық, көкөніс пен жеміс-жидектерге, қауын, қарбызға, сүт өнімдерінің түрлері яғни, құрт, ірімшік, шұбат өнімдеріне сұраныс жоғары болды.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытып, зор ықыласын жеткізді.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!