Қызылорда қаласының сол жағалауында жоба құны 975 млн. теңгені құрайтын жаңа автовокзал құрылысы салынып, пайдалануға берілді.
Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында 2022-2024 жж. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 7 % лизингпен табиғи газ отынымен (метан) қозғалатын 300 дана «Yutong ZK6852 HG» автобус алынды. Бүгінгі таңда «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық 32 маршрутты қамтып отыр.
Қызылорда қаласында «Экотакси» қызметін құру жобасы бойынша 100 дана электромобиль алынып, Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.
«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы ғимаратына, оның іргелес аумағына 600 млн теңгеден астам қаржыға күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілді.
Теміржол вокзалы аумағындағы сауда орындары ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!