Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр елінде 1-сыныпқа қанша оқушы барады?

20.04.2023, 16:40 356

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында 1 сәуірден бастап жалпы орта білім беретін мектептерге бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды. Бүгінде 6289 баланың құжаты қабылданған. Оның ішінде, 90 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов мәлімдеді.

Сала маманының айтуынша, құжаттарды қабылдау уақыты 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі. Сондай-ақ жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 17 615 оқушы қабылданады деп күтілуде.

Құжатты үйде отырып тапсыруға болады. Ол үшін «Электрондық үкімет» Egov.kz порталы арқылы электронды түрде тапсыруға болады. Электронды түрде тапсыруға мүмкіндік болмаған жағдайда қағаз түрінде қолма-қол жүзеге асырылады. Бірінші кезекте өтініштерді осы мектептің жанында тұратын ықшамаудан тұрғындары береді. Баланың жасы мектепке қабылданар уақытта алты жасқа толуы міндетті. Ал жасы жетпесе тек ата-анасы немесе заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншілігі бар. Мектепке қабылдану кезінде балалар ешқандай емтихан тапсырмайды. Сондай-ақ, мектептерде «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштары ұйымдастырылған, – деді Бағдат Камбозұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: