Құрметті Қызылорда қаласы тұрғындары және қонақтары Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының негізгі бағытының бірі болып табылады.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түрлі оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Басқарма қызметкерлерімен жыл сайынғы суға шомылу маусымы басталар уақытта адамдар көп шоғырланған жерлерде, тұрғын үй секторларында және барлық білім беру мекемелерінде судағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бағытындағы үн парақтар тарату жұмыстарды жүйелі түрде жүргізілуде.
Қызметкерлер күшейтілген түрде қала аумағынан өтетін Сырдария өзені жағалауында және қала аумағында орналасқан су айдындарында (Полиция басқармасының қызметкерлерімен, БАҚ-өкілдері және еріктілермен бірлесіп) сағат 13.00 бастап 21.00 дейін рейдтік іс-шараларын жүргізуде.
Осыған байланысты бүгінгі өткізіп жатырған түсіндірме жұмыстардың негізгі мақсаты суға шомылу маусымының басталуына байланысты мектеп оқушыларының қайғылы жағдайларға ұшырамауының алдын алу және суға шомылу маусымында су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру болып табылады.
Қызылорда қаласындағы су айдындарында 2022 жылғы жыл басынан 8 адамның (оның 4-і) бала суда қаза болу фактісі тіркелді.
2021 жылғы суға шомылу маусымында Қызылорда қаласындағы су айдындарында 13 адамның (оның 8-і) бала суда қаза болу фактісі тіркелді.
Орын алған қайғылы жағдайлардың 70 пайызы мектеп жасындағы балалардың ата анасының қарауынсыз суға түсуге рұқсат етілмеген және қауіпті аймақ ретінде саналатын жерлерде «Суға түсуге тыйым салынады» деген ескертпе тақтайшаларға құлақ аспай өз беттерінше шомылуын туындауда.
Қала көлемінде суда орын алған қайғылы жағдайларға жасалған талдау көрсеткендей, негізгі себептер судағы қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуы және су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде суға түсуі екені байқалады.
Сонымен қатар тағы бір ескерте кететін жағдай белгіленбеген аймақтарда суға шомылу фактілері анықталған жағдайда жергілікті полиция қызметімен аталған азаматқа немесе ол кәмілеттік жасқа толмаса оның ата анасына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364 бабы (жалпы суды пайдалану ережесін бұзу) және 412 бабы (су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) бабтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып тиісті шара көріледі.
Осы орайда, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ұжымының атынан Сіздерден, барлық оқытушыларға күнделікті мектеп оқушыларына белгіленбеген аймақтарда суға шомылуға болмайтындығы жөнінде және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау туралы үнемі сабақ өткізуді және оқытушылар, WhatsАрр немесе Instagramm әлеуметтік желілері арқылы оқушылардың ата-аналарымен тікелей байланыс ұстап балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндіру бойынша тапсырма берулеріңізді сұраймыз.
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!