Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Субұрқақтың саясы

23.04.2024, 16:50 599

HALYQLINE.KZ

Биыл көктем әдеттегіден ерте келіп, тіршілік атаулы жанданып шыға келді. Күн де барынша сәулесін шашып, ауаны ысытып жіберді. Кешегі аптадан бері сынап бағанасы 30 градус ыстықты көрсетіп тұр. Мұндай кезде жұрттың салқын самалмен тыныстайтын, көлеңкелі жер іздейтіні анық. Сондықтан да қала халқы бір сәт алыстан көз тартатын субұрқақтың айналасына жиналып, дем басатыны бар.

Апта басынан бастап қаланың қоғамдық орындарында 17 субұрқақ іске қосылды. Шаһарды абаттандыру әрі ауаны ылғалдандыру мақсатында мұның адамға пайдасы көп. Уақытынан ерте іске қосылған субұрқақтың салқын саясында сейіл құрудың өзі қандай ғанибет!

Ия, күні аптап ыстық Қызылорда үшін жаз кезінде субұрқақтың орны бөлек. Мұндай «қайнар бұлақтар» – көпшіліктің күндіз дамылдап тыныс алатын, жазғы кештерде серуен құратын саялы орны. Мөлдіреген судың көкке шапшыған моншақ тамшылары жанға тыныс, көңілге ләззат береді.

Бүгінде жұмыс істеп тұрған субұрқақтар бір жағынан ыстық күнде қасына келген жанға салқын самал сыйласа, бір қарағанда шаһарымызға ерекше көрік беріп тұрғандай…

Халық-хабар.

Суреттер қала әкімінің баспасөз қызметінен алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: