HALYQLINE.KZ Осы жылы өңірдегі мал басын аман сақтау мақсатында ҚР Үкіметі резервінен ауыл шаруашылығы малдарына жұмсалған азық шығындарының құнын ішінара арзандатуға 1,7 млрд бөлініп, 822 шаруашылық құрылымдарының өтінімі қанағаттандырылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
«Дегенмен, шаруашылық құрылымдарынан өтінімдердің көп түсуіне сәйкес қаралған қаржы жетпей қалып, тауарөндірушілердің берген тапсырыстары субсидиялаудың ақпараттық жүйесі базасының резервіне түсті. Осыған байланысты облыстық бюджеттен қосымша 208 млн теңге бөлу жоспарлануда», – деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, егіншілік саласын мемлекеттік қолдауға биылғы жылы барлығы 4,1 млрд теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 3,5 млрд теңге субсидия төленіп отыр. Қалған қаржы көлемі жыл соңына дейін жоспарға сәйкес игерілетін болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!