Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылады.
Осыған байланысты, облыс әкімінің төрағалығымен автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газын сату мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Мәжілісте аймақ басшысы газ операторларына облыс тұрғындарын сұйытылған мұнай газымен үздіксіз және толық көлемде қамтамасыз етуді ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, газ сатумен айналысатын операторларға тасымалдау шығындарын ескеріп, халыққа қол жетімді бағамен газды сату мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Нәтижесінде, қазіргі таңда Қызылорда қаласының аумағында жұмыс жасап тұрған 63 автогаз құю бекеттерінде сұйытылған газ бағасы 70 теңгеден 68 теңгеге төмендетіліп сатылуда.
Жалпы алғанда, ҚР Энергетика министрлігінің тарапынан жыл басынан бері өңірге 71,4 мың тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!