Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Startup Joly инкубациялық бағдарламасының ашылу салтанаты өтті

15.08.2023, 15:02 109

14 тамыз күні Startup Joly инкубациялық бағдарламасының ашылу салтанаты және алғашқы семинары өтті. Инкубациялық бағдарлама “QazInnovations” ұйымының қолдауымен ұйымдастырылуда.

Startup Joly бағдарламасының мақсаты − инновациялық стартаптар мен кәсіпкерлік бастамаларды қажетті ресурстармен, біліммен және қолдаумен қамтамасыз ету, кәсіпкерліктің әртүрлі аспектілері, соның ішінде идея, маркетинг, сату, қаржы және құқықтық мәселелер бойынша дағдыларды арттыру.

Бағдарламаға кез келген салада инновациялық жоба немесе идеясы бар адамдар қатыса алады. Жобаларын дамыту, қаржы тарту, кәсіпкерлік пен стартап бойынша білімдерін арттыру мақсатында қатысушыларға маңызды тақырыптар бойынша 16 семинар және менторлармен жұмыс жасау қарастырылған. Бағдарламада 6 апта   білім алған  резиденттерге инвесторлардың алдында жоба қорғау мүмкіндігімен қатар ұйымдастырушылар тарапынан 2 000 000 теңге қаржы бөлінген.

Сонымен бірге, бағдарламаны толық меңгерген қатысушыларға сертификат табысталады. Нәтижесінде «Astana Hub» халықаралық технопаркі және  «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің» бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне де ие болады. Бағдарламаның алғашқы күні “Стартап деген не” тақырыбы қозғалып, спикерлер қатысушылармен танысты. Айта кетейік, Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы  инкубациялық кезеңнің 2 мәрте ұйымдастырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: