Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«StarLink» жерсерікті байланыс технологиясы қосылды

05.07.2024, 10:00 204

Осы жылдың маусым-шілде айларынан бастап интернет жылдамдығы төмен 41 елді мекендегі мектептерге «StarLink» жерсерікті байланыс технологиясы қосылды.

«StarLink» жерсерікті байланыс технологиясы Қазақстан Республикасының Президентінің 2023 жылғы 5 қазандағы «Білім беру саласының өзекті мәселелері туралы» Республикалық педагогтер съездінде берілген 1 тапсырмасының 8 және 11 тармақшалары аясында жүргізіліп, ҚР ОАМ және ЦИАӨМ министрліктерінің бірлескен бұйрығы негізінде «Starlink» технологиясының құрылғысы мен қызмет көрсетуші «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ болып танылды.

Атап айтар болсақ, аталмыш құрылғылар Арал ауданының 16 елді мекенге, Қазалы ауданының 6 елді мекенге, Қармақшы ауданының 3 елді мекеніне, Жалғаш ауданының Далдабай ауылына, Шиелі ауданының 9 елді мекенге, Жаңақорған ауданының 5 елді мекеніне және Қызылорда қаласының Махамбет ауылындағы №268 мектебіне орналасады.

SpaceX компаниясының өнімі болып табылатын технологияның интернет жылдамдығы 250 және 300 Мб/с құрайды.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: