Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғанның анасы алғысын білдірді

18.07.2024, 16:35 375

Түрлі қылмыс жасағандарды тәрбиелеу, өмірге қайта бейімдеу теміртордан шыққан соң, қоғамға пайдасы тиер толыққанды азамат етіп, шығару үшін түзеу мекемелеріндегі тәрбие жұмысы бөлімі қарқынды жұмыс атқарады. Мекемеге келген әрбір сотталғанның  жеке басын зерделеу арқылы  психокорреция жүргізіліп, жаңа ортада бейімделу кезеңінен өтуіне мүмкіндік береді.  Одан кейін сотталғанмен еңбек, құқықтық,эстетикалық, адамгершілік сипатындағы процестер жүзеге асырылады.  Сотталғандар арасында түзелу жолына түсіп, өмірге деген көзқарастары өзгерген азаматтар да бар. Солардың бірі Е.есімді азамат абайсызда жол көлік оқиғасын жасап, сот үкімімен 3 жылға сотталып, жазасын өтеуде. Осы азаматтың анасы қызметкерлерге аналық алғысын білдірді. Баласымен кездесуге келген ана баласының түзелу жолына түскенін байқап, қызметкерлерге алғысын білдірді.

  • Мекеме қызметкерлері қиын да қауырт қызметте қоғам түзей алмаған азаматтарды тәрбиелеп, түзелу жолына түсіруде. Бүгін мекемеде өткізілген ашық есік күніне келдім. Баламды көріп қуанып қалдым. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша сотталған азаматтармен психологиялық,спорттық шаралар, түрлі тренингтер өткізеді екен.Нәтижесін ұлымнан көріп тұрмын.Қызметкерлерге алғысымды білдіріп, баламның ортамызға тезірек оралуын тілеп, қуанышты көңіл -күймен қайтып барамын.Мекеме басшыларына,әкімшілігіне де аналық алғысым шексіз, -деді сотталғанның анасы.
    Тәрбие бөлімінің қызметкері, жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Жандос Жахаевтың айтуынша сотталғандар темір торға тоғытылған соң, осымен өмірі тоқтап қалғандай күй кешеді. Мекемеге келген әрбір сотталғанмен психологиялық,тәрбиелік жұмыстар жүргіземіз . Нәтижесі де жоқ емес. Бостандықтың қадірін түсініп, түзелу жолына түскен жандар қаншама. Түзеу мекемесіне келген соң тәрбиелік жұмыстармен бірге бостандыққа дайындау жұмыстарын да қатар жүргіземіз дейді Жандос Жахаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: