Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандар қоғамдық жұмысты қаншалықты істейді?

18.11.2020, 17:45 618

HALYQLINE.KZ  Сотталғандарды қоғамнан оқшауламай, жазасын өтеуін ұйымдастырудың маңызы зор. Сотталғандарды бас бостандығынан айырмай, жазалаудың алты түрін – қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары түріндегі жаза, бас бостандығынан шектеу жазасы, шартты түрде соттау, сотталған жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдердің жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдыру және белгілі бір қызмет немесе арнайы лауазымнан айыру жазаларын орындауды пробация кызметі жүзеге асырады. Осы жазалардың ішінде қоғамдық жұмысқа тарту жаза түрі сот үкімі күшіне еніп, пробация қызметіне алынған соң, жергілікті атқарушы органдардың бекіткен жұмыс обьектілерінде 10 күн ішінде орындалады.

«2020 жылдың 10 айында қоғамдық жұмысқа тарту жазасына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметтерінің есебінен 159 сотталған өткен. Бұл азаматтар – теріс қылық жасағаны үшін, ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін сот үкімімен қоғамдық жұмысқа тартылғандар. Осы сотталғандардың ішінен 113 азамат қоғамдық жұмысын толық аяқтап, есептен шығарылса, 9 сотталған қоғамдық жұмысқа себепсіз бармағаны және жаза өтеуден жалтарғаны үшін қамауға ауыстырылды. Қазіргі таңда 28 азамат қоғамдық жұмыс түріндегі тағайындалған жазаларын тұрғылықты жерлері бойынша әкімдіктерде өтеп жүр. Әр азамат сот үкімімен белгіленген мерзімдік сағаттарды орындаса, пробация есебінен шығарылады», – деді департамент бастығы, әділет подполковнигі Ш.Есенкелдиев.

«Қалтамнан аз мөлшердергі есірткі заты табылған болатын. Соттың үкімімен ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, маған осы бап бойынша 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Тұрақты жұмысым болғандықтан күніне 4 сағат көшені қардан тазалау жұмыстарын істеп жатырмын», – дейді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: