Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Соңғы қоңырау қашан соғылады?

15.05.2023, 14:17 634

HALYQLINE.KZ Биыл мектептерде соңғы қоңырау салтанатты шарасы болатын-болмайтыны туралы ақпарат көп таралды. Министрлік өкілдері соңғы қоңырау мен басқа да шараларға толымды ақпаратпен жауап берді.

«Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі дәстүрін қолдайды. Дегенмен министрліктің осыған дейінгі жылдардағы да, қазіргі уақыттағы да нормативтік құжаттарында мұндай іс-шара өткізу көрсетілмегенін жеткіземіз», – деді Шолпан Каринова .

Вице-министр бітіруші түлектерге аттестат тапсыру бойынша салтанатты шаралар өткізілетінін айтты. Министрлік бұл шараларды 20, 21, 22 маусым күндері өткізуді ұсынады. 

– Мектептерде салтанатты шараларды өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуге, не болмаса аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді жалдау үшін және педагогтар мен мектеп әкімшілігіне сыйлық жасау бойынша қаражат жинауға қатаң түрде тыйым салынатынын жеткіземіз, – деп ескертті Шолпан Каринова.

Мектептерде соңғы қоңырау салтанаты 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде соғылады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова хабарлады.

– Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы – 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады. 31 мамыр – жылдың соңғы оқу күні. Бұл күні еліміздің мектептерінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған сыныптан тыс сағаттар өткізіледі. 1 маусымда еліміздің оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді. Каникул бұрынғыдай сақталады, яғни оқу күндерінің саны көбеймейді, ал каникул кезеңі азаймайды. Жалпы қазақстандық оқушылар 170 күн оқиды. Каникулдың ұзақтығы – 195 күн, – деді Гүлмира Кәрімова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: