1-7 наурыз аралығында Сочиде Бүкіләлемдік жастар фестивалі өтті. Іс-шараға қатысушылар қатарында бизнес, БАҚ, халықаралық ынтымақтастық, мәдениет, ғылым, білім, спорт, волонтерлік және қайырымдылық, балалар ұйымдары мен бірлестіктерінің өкілдері болды.
Фестивальге 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның өкілдері де қатысты.
Волонтерлармен жұмыс бөлімінің басшысы Бақдәулет Жанділдаев 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін ДКО тарихы, дүбірлі додаға дайындық барысы мен алдағы бағыт-бағдары туралы жан-жақты мәліметпен бөлісті. Жастар арасында волонтерлық қызметке қатысуға ниет білдіріп, шараға қызығушылық танытқандар қатары көп болды.
190 елден келген қатысушылардың басын қосқан Сочидегі фестиваль – халықаралық байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосып, жастардың кәсіпкерлік және қоғамдық-саяси өмірге араласуына кең мүмкіндік беретін алаң.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!