Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Смайликтерге  сақ  болайық!

04.02.2026, 10:15 36

HALYQLINE.KZ

Көп адам оң қол мен сол қолдың алақанын бір-біріне түйістірген суретті, (эмодзи) смайликті әлеуметтік желіде (уатсапта) жиі қолданады. Олар бұны рақмет айтудың белгісі деп ойлайды. Ғаламтордың түсіндірмесі де солай дейді. Бірақ оның сиыну нышаны екенін де еске салады.

Міне, негізі бұл – адамның ішкі ниеті мен айтылмаған сөзін білдіретін белгі. Осы белгі будда, кришнайд сықылды діндегілердің сиыну нышанын білдіреді. Тіпті адиын-ашық паш етіп тұр. Ғаламтор мұны жай еске салғанмен, астарын жасырып отыр.

Аллаға сенетін, ислам дініндегі адамға, оның ішінде қазақ баласына алақан түйістірген смайликтерді қолдануға болмайды! Неге екенін өзін мұсылман санайтын кез келген адам жақсы білсе керек. Біздікі жай қаперге салу.

Бұл ұсақ-түйек секілді көрінер. Жоқ. Бұл ұсақ-түйек емес! Біреуге сөздің орнына смайлик жолдарда оған қайта-қайта қарап алыңыз. Мән-мағынасын білмей жібермеңіз. Досыңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Қазақ, «Ымды білмеген, дымды білмейді» дейді. Ымды, ишараны біле жүрейік.

Ғаламторда, уатсапта, оның орнына басқа белгілер бар. Іздеген адам табады. Нағыз болмаса, «Рақмет» деп жазу қиын ба? Оңай ғой

Пайғамбарымыздың с ғ.у. хадисінде де басқа діндегілерге ұқсамаңдар деген ескерту бар.

Біздікі, «Мұсылман – мұсылманның айнасы» деген ниетте жанашырлықпен қаперге салу ғана. Әркімнің өз ақылы, танымы, талғамы бар ғой.

Ниетіміз бен сөзіміз, салған суретіміз дұрыс болсын. Дінімізге, ділімізге, тілімізге сай болса игі. Бастысы, біздің ниетімізге, сөзіміз бен ісімізге Алла риза болсын!

Munaidar  Balmolda

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: