Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шулағандарға жауапкершілік: Тыныштықты бұзған қазақстандықтарға қанша айыппұл салынады

17.09.2025, 9:20 152

Ішкі істер министрлігі тұрғын үйлерде тыныштықты сақтайтын уақыт тәртібі мен ережені бұзғандарға қанша айыппұл салынатынын түсіндірді. Бұл туралы HALYQLINE.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, тыныштық уақыты тұрғындар мен ойын-сауық орындары үшін әртүрлі белгіленген. Күн сайын (аптаның қай күні болса да)  сағат 22:00-ден 9:00-ге дейін шулауға болмайды.

Ал ойын-сауық мекемелері үшін (тұрғын үйдің ішінде немесе жанында орналасқан): жұмыс күндері – сағат 22:00-ден 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері – 23:00-ден 10:00-ге дейін белгіленген. 

Полицияға тұрғындардан шағым түскен жағдайда, олар оқиғаны тіркеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Егер заңбұзушылық анықталса, хаттама толтырып, айыппұл салады.

Тыныштықты бұзу қатарына мыналар жатады:

  • Музыканың немесе теледидардың өте қатты дыбысы;
  • Шулы жөндеу жұмыстары;
  • Ұрыс-керіс, айқай-шу;
  • Фейерверк пен петарда ату және т.б.

Бұл құқық бұзушылық әкімшілік кодексінің 437-бабына сәйкес қарастырылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: