Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шуақты шақ – шырайлы шаһар

19.03.2026, 10:40 62

HALYQLINE.KZ

Бүгін «Наурызнама» онкүндігінің Жаңару күні. Бұл күн баршамызды бірлікке, өзара түсіністікке және ортақ мақсатқа бірігуге шақыратын, тіршіліктің түлейтін, берекеге үндейтін серпіліс символы есебінде ерекше. Сондықтан тек табиғаттың ғана емес, әрбір адам әрекет етіп, қоғамға пайда әкелуге ұмтылыс жасайтын шуақты шақ деп есептеледі.

Қазір шаһарда жаңару-жаңғырту жобалары жан-жақты жүргізілуде. Соған сай қаламызда қыруар шаруа қолға алынған. Көше және аула тазалығымен қатар ағаш отырғызу, гүлзарларға гүл егу, яғни, көркейту-көгалдандыруға барынша мән беру жалғасуда. Бұған коммуналдық сала қызметкерлерімен бірге еріктілер, тұрғындар белсене атсалысуда. Бұл іс-шаралар – табиғатты қорғауға, елін-жерін сүюге басымдық беретін тәрбиенің бір тармағы.

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: