Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Шиеліде жол инфрақұрылымы жүйелі түрде жаңартылып жатыр» – Аудан әкімі

28.01.2026, 17:30 55

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі ауданы аумағындағы автомобиль жолдарының жай-күйі мен атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарына тоқталды.

Аудан басшысының айтуынша, бүгінде Шиелі ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 323,4 шақырымды құрайды. Оның 80 шақырымы республикалық, 98 шақырымы облыстық, ал 145,4 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

– Қазіргі таңда аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының 123,1 шақырымы немесе 84,7 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал облыстық және республикалық маңыздағы жолдардың барлығы 100 пайыз асфальтталған, Аудандық маңыздағы «Самара – Шымкент» автомобиль жолының 8 шақырымын қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаға 1,7 млрд теңге қаржы бөлініп, жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Бұл жол аудан тұрғындары үшін де, транзиттік қозғалыс үшін де маңызды, – деді ол.

Сондай-ақ аудан үшін стратегиялық маңызы бар «Шиелі – Тайқоңыр» автомобиль жолының 13 шақырымы «Kazatomprom» компаниясының демеушілігімен күрделі жөндеуден өткен.

– Бұл жобаға 2,5 млрд теңге бағытталып, жол толықтай пайдалануға берілді. Аталған бағыт ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін айрықша мәнге ие. Ішкі жолдар мәселесіне де ерекше назар аударылған. Бәйгеқұм, Ә.Тәжібаев, Тартоғай, Ы.Жақаев, Алғабас және Бидайкөл елді мекендеріндегі көшелерге біршама жұмыс жүргізілді. Осы елді мекендердегі ішкі көшелерді күрделі және орташа жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлініп, барлық жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды.иБұдан бөлек, облыстық маңызы бар «Шиелі – Қарғалы – Байкенже – Жаңақорған» автомобиль жолының 10 шақырымына 524 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Жайлыбаев, Д.Смайлов және Ә.Смайлов көшелерінің жолдарын күрделі жөндеуге 519 млн теңге бөлініп, нәтижесінде 10 көше қайта жаңғыртылды. Жалпы ұзындығы 25,8 шақырымды құрайтын 31 көше жөндеуден өтіп, жаяу жүргіншілер жолдары мен түнгі жарықтандыру жүйелері жаңартылды, – деді аудан әкімі.

Аудан басшысының айтуынша, аталған жұмыстардың барлығы тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: