Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Жасыл Аймақ” апталығына орай Шиелі ауданында серпінді сенбіліктер жалғасуда.
Мәселен, Шиелі кентінде мекеме қызметкерлері, ардагерлер, жастар мен еріктілерден құралған 300-ден астам адам мен 13 техниканың көмегімен қоқыстан тазартылып, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Әрі апталық аясында арнайы су арықтары жүргізілген аумақтарға ағаш көшеттері егілді. Жалпы аудан бойынша сенбілікке 500-ден астам адам тартылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!