Бүгін AIZHULDYZ CINEMA кинотеатрының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Б. Ысмағұлов халықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен бірге, кинотеатр ашылуына белгілі әнші, “Жігіттер” тобының мүшесі, актер, “Qaryz” кинофильмінің продюсері Б.Әбдірайымов та келді. Ал кинотеатр лентасын Шиелі кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Күлімбетов Болат қиды.
Кинотеатр ғимаратында кино залынан бөлек тұрғындар үшін жылдам дайындалатын жүгері, түрлі сусындар сатылатын орын және күту залы бар. Ашылу салтанатына орай «QARYZ» фильмі тегін көрсетілді.
Жеке кәсіпкер Баглан Сейтмұратов жастардың кино көруіне демалыс орнын ашып беруді басты мақсат еткен. Кәсіпкер құрылыс жұмыстарын тәуекелге бел буып, өз қаражатымен бастаған. Кинотеатр жалпы 128 адамға арналған. Болашақта 10-ға жуық адамды жұмыспен қамтымақшы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!