Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиелі кентіндегі жолдың 85%-ы асфальтталған

01.04.2021, 17:20 739

HALYQLINE.KZ Шиелі кентіндегі жолдың 85 пайызы, елді мекендер жолының 60 пайызы асфальтталған. Биыл кенттегі 21 көше және елді мекендердегі 30 көше жөнделеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков мәлімдеді.

Жалпы, Шиеліде аудандық маңыздағы 145,4 шақырым автомобиль жолының 83,5 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Биыл «Шиелі – Қарғалы – Байкенже – Жаңақорған» аралығындағы 3,8 шақырым автомобиль жолын жөндеуге 136,6 млн теңге қаржы қаралған. Ал Телікөл ауылдық округі аумағындағы апаттық жағдайда тұрған көпірді жөндеуге жоба-сметалық құжат әзірленуде.

– Өткен жылы Майлытоғай және Жиделіарық ауылының автомобиль жолдарын қайта жаңғырту мақсатында қаржы бөлініп, асфальтталды. Бұған қоса, «Самара-Шымкент-Жөлек» автомобиль жолы бойындағы көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді Қамбарбек Амангелдіұлы.

Сондай-ақ, өткен жылы аудан орталығындағы көшелер жарықтандырылып, автокөлік жолдары орташа жөндеуден өтті. Тоғыз көшеге жаяу жүргінші жолы салынды.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: