Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиелі ауданындағы ірі компаниялар да «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

26.04.2024, 18:20 322

Республика бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алуда.

Бес аптаға жоспарланған тазалық науқанының әр бөлігінің өзіне тән атауы мен мақсаты бар. Аталған акцияның «Жасыл ел» апталығы аясында ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Шиелі ауданындағы өндіріс орындары «Ру-6» ЖШС мен «Semizbai-U ЖШС-нің Иіркөл кеніші қызметкерлері өз мекеме аумағын абаттандырып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жұмыстарына 50 адам, 7 техника жұмылдырылып, 500 түп ағаш егілді. «Semizbai -U» ЖШС Иіркөл кенішінің директоры, аудандық мәслихат депутаты М.Салқынбаев акцияға қатысып, игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: