Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шай марқайтады, шылым «қартайтады»

21.09.2024, 10:30 181

Баяғы заманда айран, ашытпа, боза, қатық, сүт, саумал, қымыз, қымыран, шұбат ішіп қалыптасқан қарт кісілер ішетін шай туралы:

Шайдың пұты сексен сом,

Бұл осынша неткен сом?!

Кисең киім болмайды,

Ішсең тамақ болмайды,

Құр далаға кеткен сом, – дейді екен.

Дегенмен, сүт қосып ішкен қою қара шай мен шөл басар көк шай денсаулыққа дәру сусын емес пе?!

Ал, бүгінде халалды «у-сың» деп, харамды «сусын» деп, темекі тартпағанды «айып» деп, тартқанды рақат «кайф» деп жүрген кейбіреуге:

Тәкаппарсып тым теңге,

Шарықтап тұр шын теңге…

Сұрасаң берер деймісің,

Қарызға қазір кім теңге?!

Түтіні тамақ болмайды,

Ойлама, тіпті ондайды,

Бір қорап шылым – 1000 теңге.

Ойлансай дегің келеді.

Иә, шай ішсең көңілің жай болып, марқайтады. Ал, шылым жөтелдіріп жедел «қартайтады». Бұны елеп-ескеру – әркімнің өз шаруасы.

Қазыбек Әшірбекұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: